Жыл қорытындысы. 2012: армандар орындалған жыл (АЛЛАға шүкір)

Жыл қорытындысы. 2012: армандар орындалған жыл (АЛЛАға шүкір)
жеке
блог

"Айтпайды әкең бекерге

Уақыттың адам құлы деп"

Қызыма. Терме. Мейрамбек

 

Бір жылдың зымырап өткенін байқамай қалдым ғой. Қарап отырсам талай қызыққа қарық болған екенмін. Шүкір!

 

Сонымен, жыл қорытындысы келесідей:

 

Жыл қуанышы: Екі ер азамат өміріме қадам басып кірді.

Жыл Адамы: Илья Ильин

Жыл мекені: Астана

Жыл қаласы: Стамбул

Жыл әртісі: Омар Си

Жыл фильмі: 1+1, Прислуга, Салем,Рух ,Девдас

Жыл сериалы: Faith (Оңт.Корея. Иә, иә, мен де көретін болдым. Әлі де сол сериалдың атмосферасында жүрмін)

Жыл кітабы: Норвежский лес (Мураками), Убить пересмешника (Харпер Ли)

Жыл жазушысы: Харуки Мураками

Жыл ақыны: Эдуард Асадов

Жыл өлеңі: Барлық өлеңдері

Жыл әні: Қызыма термесі

Жыл әншісі: Әрине Мейрамбек)))

Жыл тағамы: қос еселенген пісте салынған баклава

Жыл сусыны: су

Жылдың ең үздік күні: Арманым дүниеге келген күн

Жылдың ең үздік кеші: Ауыз ашар кештері

Жылдың ең үздік кездесуі: Анаркинмен чизкейк жеген кеш))

Жылдың ең үздік сыйлығы: Стамбулға саяхат, туылған күнімен алған букет

Жылдың ең үздік сайты: Массагет))) Оның ішінде бірге аударайық айдары )))

Жылдың ең үздік мерекесі: Ораза айт!

Жылдың ең керемет жаңалығы: ғашық болдым, жылай алатын болдым, депрессиядан арылдым

Жылдың ең тамаша кезеңі: Айспен қыдырған шақтар

Жылдың сиқырлы сәттері: аяқ астынан пайда болатын жүректер)))

Жыл бойы сағынышым: сүйіктім)))

Жыл саундтректері: 1+1 (Boogiewonderland) және Faith( I do)

Жыл аксессуары: шарф))

Орындалған арман: Түсімде көрген Султан Ахмет мешіті мен Ая София мешітін өңімде көрдім, дервиштер биін тамашаладым

Жыл әттеген-айы: АИФқа бара алмадым.

Жыл жеңісі: Олимпиадалық алтындар!

Өкініші мен қайғысын, ауыртпалығы мен сәтсіздіктерін жазғым келмейді))) Жақсысын асырып, жаманын жасырып дегендей)))

 

Менен де бірер жақсы сөз: Келесі 365 күн тек қуаныш пен шатыққа толы болсын, әр күніміз сәтті басталып, ісіміз оңынан келсін. Алдымызға қойған мақсаттар мен мұраттарға жетіп, жеңіс күндерін тойлайық)))

Тәтті кездесулер, сәтті кездесулер көп болып, жолымызда тек қана ақ ниетті, жүрегі таза адамдар жолықсын)) 

Алла қолдасын бәрімізді))))