Жыл қорытындысы 2012

Жыл қорытындысы 2012
жеке
блог

2012 жылды шығарып салатын уақыт та жақындаған екен... Жазирадан таяқшаны алып, он екі айды еске түсіріп, саралағанда болдым. Өткен жылға еш өкпем жоқ екен. Бәрі тиыш өткендей болды. Сол үшін рақмет!

Жыл цитатасы(лары): 

Ашудың емес, ақылдың айтқанымен жүр © У. Шекспир

Ашуға беріліп, артынан ұятқа қалған жағдайлардан кейін пайымдағаным ғой. Бірақ, ашу деген басқа бірінші ұрады ғой не дегенмен.... Не айтып, не істегеніңе артынан өкініп отырасың.... Осы жылдың ішінде екі-үш рет қайталанғасын еске түсіріп отырғаным. Негізі, сабырлы адам сияқты едім...

Жыл танысуы:

Өтіп бара жатқан жыл айтарлықтай үлкен таныстықтар сыйламады. Алайда биыл 2000-2001 жылдары дос болған, бір пәтерді бөліскен, таң атқаннан кеш батқанға дейін қыдырған кісілерді кезіктірдім. Сонымен қатар, 2004 жылы Ақтөбенің кен орнында бірге жұмыс жасаған «досымды» кезіктірдім. Өте қуанышты қауышу болды )))

Осы жақтың тұрғындарынан Жалғас пен Ботикті көріп, сыралас болдық қой )))

Жыл сусыны: Сыра ғой )))))

Ең керемет күн:

Қазақстан туының Лондонда 7 рет көтеріліп, әнұранның шырқалған күндер. Керемееееет сезімде болдым ғой!

А так, керемет күндер әлі алда деп сенемін!

Ең керемет кеш: Ақырзаманды қарсы алу кеші. Керемет кеш болды ))))

Жыл әні: Гангнам стайл және Рианнаның «Даймонды»

Жыл сайты: ФБ

Үздік фильм: Жаужүрек мың бала, Шал, ТЕД (осы Тедті көремін деп кеш бойы көзден жас аққанша, ықылық атқанша күлгенмін)

Үздік сериал: Сериал қарамауға тырысамын, а то отырып қаламын сосын. Бірақ Хюрам мен Сүлеймен сұлтанға ештеңе жетпейді )))

Жыл блогері: Эльвира шығар. ФБ-та күнде ой салатын микроблогтар жазып тұрады. Ұнайды өзіме

Жыл өкініші: Екі жыл отпуск алмай, күндерімді жинап, Лондондағы олимпиада ойындарына барамын дегенмін..... Алайда, жанұялық қуанышты себептерге байланысты, Ақтөбеге кетуге тура келді. Қатты өкініш деуге келмейді, бірақ жоспарым орындалмай қалғаны жаман... Ничееее, алда әлі Сочи бар ғой!

 

Келесі жылдан күтерім баршылық, ең бірінші денсаулыққа байланысты істер! Бәрі жақсы болады деген үміттемін.

Сіздерге де, жақындарыңызға да тек ДЕНСАУЛЫҚ тілеймін! Аман жүрейік, сау болайық!