Жыл есебі - 2012
блог
Жыл цитатасы: а) Өмірдің мәні - сүйе білуде!
ә) Проблема – прогрестің бастауы. (с) Б.Темір
Жылдың ең үздік танысуы:
Массагет!
Жылдың үздік тағамы:
Ет, кеспе көже ).
Жылдың үздік сусыны:
Қымыз, биос, көк шәй.
Ең керемет күн:
Ата-анамның туылған күні!
Үздік кеш:
Күзгі бақтағы өзен жағалауы.
Осы жылда ашылған қызығушылық:
Құран әуезі, су астындағы ой толғанысы.
Орындалған арман:
Пәтер ).
Жылдың ең үздік мекені:
Атамекен, Астана!
Рухани өзіндік жаңалық:
Блог.
Үздік әнші:
Нұржамал Үсенбаева, Әлішер Каримов.
Үздік ән:
Абай әндері.
Үздік фильм:
«Менің атым, Қожа»!
Үздік сериал:
«Аққулы мекен», Басты рөлдерде - Б. Темір және басқалар... )))
Үздік актер/(актриса):
А. Әшімов, Ә. Өмірзақова.
Үздік кітап:
«Абай»!
Жыл әсері:
Ғашықтық!
Жыл әділетсіздігі:
Лондон төрінде қазақ қоржынына медаль салған – Ақжүрек Таңатаровтың жеңісті жеңілісі.
Ең керемет адам:
Мен, сүйген жан!
Жыл сыйлығы:
Қыз көңілі!
Керемет жаңалық:
Олимпиаданың алғашқы 6 алтыны және Баркер!, ЭКСПО-2017.
Жыл өкініші:
Қазақстандағы терроризм сипаты, боздақ өлім (((.
Жыл шытырманы:
Махаббат майданы...
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!