Қожа есегіне жүзім артып жатса, қаумаласқан балалар:
- Ата, бізге де жүзім беріңізші! — деп шуласады.
Қожа байқап- қараса, әр балаға бір-бір шоқ жүзім берсе, қорапта жүзім қалмайтын түрі бар. Сосын әр балаға бір-бір талдан ғана үзіп береді.
- Ата неге аз ? — дейді балалар.
Қожа күліп :
- Бұл қораптағы жүзімнің дәмі бірдей. Біреуін жесең де , бір шоғын
жесең де айырымы жоқ,- депті. (нәпсіні тыю жолын ұсынады.)