Жүзік туралы қызықты деректер

Қызықты деректер:

Батыс әйелдері «аналық» деп аталатын арнайы жүзік тағатын көрінеді. Бұл ерекше ырымның тағы бір ерекшелігі – қанша баласы болса, жүзіктің жарқыраған тасы да қатаң түрде сол санға сай болуы шарт.

Ұлыбританияда неке жүзігін тағуға тыйым салынған. Бұл медицина қызметкерлері үшін аса маңызды. Қолды залалсыздандырған кезде, жүзіктің орны өңдеусіз қалады.

Науру халқы балық аулаудың ерекше бір әдісін осы жүзік арқылы ойлап тапқан.

Калининаград жағалауының бірінде сирек кездсетін мұражай бар. Келушілерді тек металдан жасалған жүзіктер арқылы ғана кіргізеді. Оның диаметрі 68 см-ді құрайды екен. Оны тек кіреберіске ғана орнатқан. Мұндай үрдістің орнатылу себебі, мұражай – суасты қайығы.

Көптеген орыс офицерлері 19-ғасырдан бастап сақина таға бастаған. Оларды алтынмен қапталған арзан металдан жасатқан. Оған офицердің аты-жөні жазылатын болған. Болат пен темірден жасалған бұл бұйым ұрыларды аса қызықтыра қоймайтын. Сондықтан да сарбаз қайтыс болғаннан кейін, оның аты-жөнін  табу оңайға соққан.

Швейцарияда жеуге арналған ұлуларды терушілер жинаққа арналға сақинаны өзімен бірге алып жүруі шарт. Егер де ұлу сақинаның ортасынан өтер болса, онда оны босатып жіберуі керек. 



Бөлісу: