Жүзбай Жүнісбековке ескерткіш қойылды

Бүгін Бәйдібек ауданы, Тұрақты елді мекенінде ауданның тарихында өзіндік орны бар, 1944-1946 жылдары Шаян аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Жүзбай Жүнісбековтің ескерткіші ашылды. Ескерткіш қоғам қайраткері Жүзбай Жүнісбековтің есімімен аталатын мектептің алдына орнатылды, — деп хабарлайды Newsroom+  ақпарат агенттігі  Аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Салтанатты шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Жүзбай Жүнісбековтің қызмет еткен жылдарында ауданның дамуына сіңірген еңбектеріне тоқталды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде жасалған ескерткіштің авторы, мүсінші Қуаныш Сүлейменов болса, іс-шараны ұйымдастыруға басшылық жасаған тұрақтылық Жақсыбек Баймұратов.

Шараға Жүзбай Жүнісбековтің ұлы Сәбит Жүнісбеков қатысып, әкесіне арнап ескерткіштің қойылуына мұрындық болған жерлестері мен ескерткіштің авторы, мүсінші Қуаныш Сүлейменовке алғысын білдірді.

Айта кетерлік жайт 1995 жылы Тұрақтыдағы мектепке Жүзбай Жүнісбековтің есімі берілген. Мектеп атауын Жүзбай атамыздың атын иеленгелі 300-ден астам түлек самғап ұшқан. Бітірген түлектер қазіргі таңда еліміздегі түрлі салаларда қызмет жасауда. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Беркінбаев Олжас, білім беру ғылымдарының докторы Бекжан Қосалбаев мектептің мақтаныштарына айналған.

Аталмыш жобаның басы-қасында жүрген мектеп директоры Зәмзәгүл Қожамұратова.



Бөлісу: