Гарольд Уитлз есімді бұл бала дәрігерлер оның сол құлағына есіту құрылғысын орнатқан соң өмірінде алғаш рет дыбысты есітуде. Мына аязда құлақтың қадіріне жетіп, басты жылы ұстайық...
2011 жылы Үндістанның Каттак қаласындағы күшті су тасқыны уақытында батыл жігіт мысықтарды құтқаруда. Осындайда ойыңа көшедегі мысықтарды таспен сабалайтын тентектер түседі екен...
Кардиохирург 23 сағатқа созылған жүректі алмастыру отасынан соң. Оның жәрдемшісі бөлме бұрышында ұйықтап жатыр. Не деген жұмысына адал жандар. Біздеде осындай дәрігерлер болғанда Шымкенттегі 150 сәби СПИД ке шалдықпаспа еді?
Жүрегін алмастыртқан кісі дәрігерден ұзағырақ өмір сүрді. «Ажалы жеткен өледі», деген осы ғой, ия...
1994 жылы Шешенстанда орыс әскері тастанды фортепианда күй ойнауда. Өнерге деген махаббат соғыстада солмайды екен...
Орыс әскерлері Курск жорығына дайындалуда, июль, 1943. Ажалға қарсы тұрған кісінің бейнесі...
“Әке, мені күтіңіз”, Нью-Вестминстер, Канада, 1 октябрь, 1940. Ұрпағының қадіріне жетпей, алименттен жалтарған біздің ағаларымызға ой салар сурет ақ, бірақ олар мұны көрмейді ғой...
Маскүнем әке және оның ұлы. Бізде жоқ дейсізбе, ел болған соң болады екен...
Терри Гурола Иракдағы 7 айлық әскери қызыметінен соң қызымен алғаш рет кездесуде. Аналық мейірім, қосылып жылағың келеді...
Үйсіз кісілер Ид ал-Фитр мешіті алдында тегін тарқатылатын тамақты күту сәті, Нью–Дели, Үндістан. Мешіт басына қиын күн туған кісінің ғана мекені секілді, өз еркімен күніне бес рет кіріп-шығатындар қанша екен?
Христиандар 2011 жылы Египетте болған ереуіл уақытында құлшылықтағы мұсылмандарды корғауда. Ауызбіршілік жоғалмасын, теледидарды қоссаң күнде соғыс, апат, өлім... Қорқып ұйықтайтын заман секілді...
Монах поезд күтіп отырып тосаттан жан тапсырған қартты дуа етуде, Шаньси Тайюань, Қытай. «Бір басқа, бір өлім», сәтсіз сапар...
Фронтта бірге болған құрбылар олардан бірі қайтыс болғанға дейін әр жылы суретке түскен. Достықтың қадірін бейнелейтін көрініс...
Гораций Гризли қамауда болған лагерден Генрих Гиммлерге қаһарлы қарап тұр. Гризли өзі ұнатып қалған неміс аруымен кездесу үшін лагерден 200 рет қашқан және әр сапар қайтып келген. Генрих бұл жігіттің ерлігіне бас исе артықтық етпес ау...
Солтүстік Кореялық азамат қоштасуда, оның Оңтүстік Кореялық бауыры жылауда. 2010 жылды 31 октябрьде Оңтүстік Кореялық 436 кісіге 1950-53 жылдардағы соғыстан соң жоғалған бауырларымен кездесуге Солтүстік Кореяда үш күн тұруларына рұқсат берілген. Руға бөлінбеу керек...
Екінші дүние жүзілік соғысынан соң тұтқында болған неміс әскері соңғы рет бір жасында көрген қызымен қауышуда. Тыныштықтың қадіріне жетейік...
Солтүстік Кореяда қамауға алынған және 12 жылға мәжбүри еңбекке үкім етілген журналисттер Еуна Ли және Лора Линг АҚШтың дипломатик араласуынан соң Калифорниядағы жанұяларына қайтты. Қуаныштың көз жастары...
Марста күн осылай батады. Айтқандай, Марста мысық бейнесіндегі тас табылды, дейді. Көрдіңдер ма?
Соғыс ардагері екінші дүние жүзілік соғысы уақытында өзі басқарған танкті тапты. Танк қалалардан бірінде ескерткіш ретінде орнатылыпты. Ажалмен арпалысқан күндерден естелік...
Париж тұрғындарынан бірі екінші дүние жүзілік соғысы уақытында нацисттер қаланы басып алуынан қайғыруда. Ауыр жәйт...
12 жасар бразилиялық балақай ұстазын жерлеу уақытында скрипкада ойнауда. Ұстазы музыка жәрдемінде оның кедейліктен және зорлықтан құтылуына себепкер болған еді. Осындайда айтылған болар, «Ұстаз атаңдай ұлы», деп...
“Үміт қолы” – сынақтық – ота уақытында ана қарнындағы сәби күтпеген сәтте қолын шығарып хирург бармағын қысып алған. Дәрігер бұл сәтті күтпеген болатын. Өзіне жеткен қауіпті сезінген шарананың үміті...
4 айлық сәби Япониядағы цунамиден аман қалды. Оны қирандылар арасынан төрт күннен соң ғана шығарып алған. Дүбірленген дүниеде не болмайды десеңізші, АМАН БОЛАЙЫҚ!!!