"Жүз дерттің емі- жүзім"

"Жүз дерттің емі- жүзім"
жеке
блог

      Жидегінің құрамында: су, фруктоза, органик, глюкоза, қышқылдар, минералдық заттар және  C, В1, В2, РР витаминдері бар жүзім- пайдасы мол, өнімі сұранысқа ие жеміс түрі. Тарихы сонау ХІХ ғасырдың аяғында Англия, Францияда бастау алған. Жылыжайда өсірілетін жүзім 1шаршы метрде 4,5 кг, 1 га жерде 45 тоннаға дейін өнім береді екен. Ол жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан, өсірудің ең қажетті экологиялық факторы- жылу. Осы себептен жаз мезгілі қаншалықты жылы болса, оның беретін өнімі де соншалықты мол болады. Жүзім аптасына 1 рет суғаруды қажет етеді және түйнек салуы үшін бастапқыда 12ºС-тан, бертін келе 32ºС-қа дейінгі температура қолданылады. Сәуір айы жүзімді көктеу, бойын түзеу үшін қолайлы уақыт болып табылады.

      Еліміздегі жүзім шаруашылығымен айналысатын аймақтар қатарында Еңбекшіқазақ ауданы көш бастап тұр. Жалпы өнім егілген аумақ 3586га құрайтын «Gold Product» (Түрген), «Дионис» , «Иссык» шарап зауыты, «БиоТауЖер» (Қаракемер), «ЭкоАгроПродукт» (Бәйдібек би)  шаруашылықтары бүгінгі таңда халықты қарапайым және кептірілген жүзіммен, шарап өнімдерімен, консерві өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз етеді. Бұл жемістің өнімдері: мейіз, киш-миш, шарап, шампан, шырын, сусын, маринад, тосап. Жүзім түрлері мен сорттарын зерттейтін арнайы сала- ампелография, жаңа сорттарын шығаратын сала- жүзім селекциясы деп аталады.Жер бетіндей он мыңдай түрі кездесетін бұл жемістің буынға тұз жиналуына,аллергияға, қан аздық ауруына, мидың жиі шаршауына,бауыр ауруларына қарсы емдік қасиеті де бар көрінеді.

        «Ауру-астан» дейді дана халқымыз. Қорегімізге айналған тағамдардың қай-қайсына болмасын талғаммен қарасақ, талай дерттің алдын алуға болады деп ойлаймын.