Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
жеке
блог

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы II республикалық "Ділмар" шешендік өнер байқауы өтті.Жарыс қарашаның 6-шы жұлдызында болды.Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 40 баланың өнерін танымал тіл мамандары бағалады.Қазылар алқасының құрамында А.Байтұрсынсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкері, PHD Ермұхаммед Маралбек, Зейнолла Сәнік атындағы қорының директоры, айтыскер ақын Серік Қалиев, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Гүлбану Қосымова, Қазақ радиосының директоры Аманжан Еңсебайұлы және қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев болды.Шешендік өнер байқауының нәтижесінде 5 оқушы шабыттандыру сыйлығы мен 10 000тг, 3 оқушы III орын мен 20 000тг, 2 оқушы II орын мен 30 000тг ақшалай жүлдеге ие болды.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Думан Дәулетбек жүлделі I орынға ие болса, бас жүлде мен демеушілік жасаған Зейнолла Сәнік атындағы қордың 50 000 теңгесін Аякөз Досымханова еншіледі.Дәстүрлі байқауға айналған бұл жарыс әлі де қазақтың талай жаңа ділмарларын шығарады леп сенеміз.  

Ізбасар Ұлдана, Абай атындағы РММИ редакциясының журналисті

06.02.2020жыл