Жүйрік журиктер!

Жүйрік журиктер!
жеке
блог

Өткен жексенбі күні, яғни 23-нші маусымда Ақтөбе қаласында, нақтырақ айтсақ, теннис орталығы артындағы мини-футбол алаңында тілшілер арасында белгілі журналист, марқұм Әмір Оралбайдың құрметіне арналған турнир өтті. Кубок үшін таласқа алты команда қатысты: қала әкімдігі, Рика ТВ, Шамшырақ ЖШС, Қазақстан-Ақтөбе телеарнасы, аудандық БАҚ және біз – қалалық БАҚ. Әр тайм 10, үзіліс 5 минуттан болды. Алты команда екі топқа бөлінді, біздің топта: Рика, Шамшырақ және біз. Бірінші матч Рика мен Шамшырақ арасында өтті, ол 3:2 есебімен Риканың пайдасына шешілді. Екінші топтың командалары кездескеннен кейін, біздер ойынды үшінші жұп болып бастадық. Рикаға (қызылдарға) қарсы кездесуіміз 3:2 есебімен біздің пайдамызға аяқталды. Тіпті басқа командалар «Риканы жеңді» деп бізден сескене бастағандай көрінді, осыны сезген біздер «типа» әлдағандай боп қалдық. Бір қызығы, бірінші айналымда барлық кездесу 3:2 есебімен аяқталған.  Біздің екінші матч Шамшыраққа (сарыларға) қарсы өтті, манағы асқан сенімдік сезімі бізге керісінше кедергі болды.

Ойынның басында бірден 3 гол жібердік, 2 гол соғып есепті қысқарттық, алайда қарсылас команда бізге тағы бір гол салды, қорытынды есеп 2:4 қарсыластың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Рика Шамшырақты ұтты, біз Риканы ұттық, Шамшырақ бізді жеңді. Барлық командалар бір рет жеңіп, бір рет жеңілген. Екінші топ командаларында да осылай болды, қандай сәйкестік десеңші?!) Нәтижесінде барлықтарымызға үш ұпайдан берілді, алайда доп салу мен жіберу айырмашылығы бізді қуантпады. Екі кездесу қорытындысы бойынша біз барлығы 5 гол соқсақ, 6 гол жібергенбіз, осылайша бесінші орынға таластық, бұл жолғы қарсыласымыз аудандық БАҚ болды. Негізі соңғы кездесу қызық, тіпті арасында күлкілі өткенімен, жеңіске деген талпыныс екі командадан да байқалмады, өзіміз үшін ойнағандай болдық және есеп те сәйкесінше 3:3 болып аяқталды. Бірақ пенальти сериясын оңдырмадық. Осылайша турнирде «бірінші орын» алдық… соңынан бастағанда.))) Ал бірінші орын Қазақстан-Ақтөбе телеарнасы, екінші орын Шамшырақ ЖШС, үшінші орын қала әкімдігі, төртінші орын Рика ТВ болса, аудандық пен қалалық БАҚтар соңғы орындарда. Осы жерде кететін ақталулар: «Ең бастысы қатысу», «Жеңіле білу де керек»))) Бірақ бір қуанышты жаңалық болған ол біздің қақпашы Мұратбектің турнирдегі үздік голкипер атануы!)) Алаңда әр командадан бес ойыншы ғана қатысу керек болғандықтан, бір-бірімізді ауыстырып ойнадық. Шыны керек мини-футболға жиі қатысып тұрмағандықтан, қателіктер көп болды. Негізінде достармен жиналып, жай ғана мини-футбол ойнағаннан гөрі, осындай турнирлер ұйымдастыру әлдеқайда қызық екен. Сәтін салса, келесі бәсекеде мастер-класс көрсетерміз!)
ПыСы: Төл мереке құтты болсын!

Енді фотолар:

Қалалық БАҚ құрамасы

Біздің ГОАЛ!

 

 

Назарларыңызға рахмет!)

https://twitter.com/mickthatsmynick