Жүйке жүйесі қайта қалыпқа келеді ме?

                 

 Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Ал егер бейімделу процесі жүзеге аспаса, өздеріңіз білесіздер, ағза күйреуге ұшырайды. Осы сәтте биолог ғалымдардың сөзі еске оралып отыр. Олар “Адаптируйся или умри” деп бекер айтпайды ғой.

 Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. орталық бөліміне ми және жұлын ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер:жүйке түбіршіктері,жүйкелер,  жүйке тораптары,жүйке түйіндері(ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Яғни бұдан шығатын қорытынды өзіміздің ағзамызды құрдымға бастап барамыз.

 Енді әйелдердің және еркектердің жүйке талшықтары әр түрлі болатыны да барлығымызға аян. Әйел баласының ағзасындағы жүйке талшықтары еркектердікіне қарағанда әлдеқайда көбірек. Мамандардың айтуынша, АҚШ әскери саласында әскери қимылдарға қатысқан 42 397 әйелде еркектерге қарағанда мінез-құлық мәселесі жөнінде бірқатар проблема туындаған. Әскери әйелдер жарақат алғаннан кейін депрессияға ұшырап, ішкіліктен зардап шегетін болған.

Жүйке жүйесінің зақымдануы белсіздікке алып келетінін де санамыздан шығармауымыз шарт. Бұл әсіресе адамзаттың күйреуіне алып келмей ме?

Сондай-ақ, қарапайым әйелдерге қарағанда әскер қатарында еңбек еткен әйелдерде жүйке жүйесінің бұзылуы да 20 есе көп кездескен. Ғалымдар өмірін әскери саламен байланыстырғысы келген әйелдер өз денсаулығы мен жүйкесінің беріктігіне әбден көз жеткізіп алуы тиіс дейді. Демек әйел затының депрессияға ұшырау ықтималдылығы ер адамдарына қарағанда әлдеқайда жоғары.

Ал біздің бір күнде болмашы нәрсеге жүйкемізді тоздыратынымыз ақымақтық емес пе? Бір- бірімізге демеу болудың орнына, істеп отырған әрекетіміз мынау. Мына өмірдегі уақытша келеңсіздіктерге бола уайым торына түспей, қайта өміріміздің әрбір сәтінен ләззат алып , армандарымыздың орындалуыына атсалысайық ағайын. Өмір деген сонысымен қызық емес пе?! Жүйке жүйемізді сақтап ұзақ та баянды ғұмыр кешілеріңізге тілектеспін!



Бөлісу: