Жусан иісі

Жүрегі қысылып кеткендей болған соң, көлігін жол жиегіне тоқтатқан жігіт, есікті ашып тысқа шықты. Оған қазір бұл дүниенің , тіршіліктің, жайнап тұрған жап-жасыл табиғаттың өзі қызықсыз ед! Өйткені  тығырықтан шығар жол таба алмаған, үміті үзіліп, сенімі сызат беріп, шығатын жол таппай, күдері үзіліп тұрған еді! Күлімдеген күннің қажеті қанша, үлбіреген гүлдің қажеті қанша, егерде оны көріп сүйсінер көз болмаса, көз болса да назар аудармаса." Ей, тәңірі ай! "-деп күрсінді жігіт, "Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бермедің бе? !"

Сол кезде оның көзі өсіп тұрған жусанға түсті.Иісі бұрқыраған, бал-балалықтың, балалығы өткен ауылдың иісі! " Эх, шіркін! ,"-деп кеудесін кере күрсінді жігіт, жусан иісімен бірге, бұл дүниенің де бояулары кіре бастаған еді. Жалындап батып бара жатқан күн, алқызыл шашақты гүл, шырылдаған бозторғай, -жанын жадыратып, ауыр ойлардан айықтырып, болашаққа деген сенімін оятқан еді! "Таңғы тамақ тәңіріден , -деген, қой, үйге қайтайын ", -деп ойлады жігіт, бір тал жусанды иіскеп тұрып!



Бөлісу: