Жұрттар айта береді, өз пікірім өзімше))

Еее, неден бастайын блогты? Мен де диалектілермен сөйлеп кетпесем игі))

Сонымен, оқиға орнынан репортаж!!!

Көптен күткен кездесу де өтті. Мен ойлағаннан да әсем, мен елестеткеннен де көркем. Неге дейсіз бе? Себебі, адамның алға қойған мақсаттарының орындалғаны да бір мәртебе екен. Осымен нешінші мәрте куә болдым.  2 сағатқа жуық уақытқа созылған бұл кездесу несімен есте қалды? Мен тізбелеймін, сіздер жіті қадағалап отырыңыздар. Айтпақшы, көптен күткен кездесу дегенім - өмірі сабаққа боянып, шаш жібермейтін мен - боянып, шаш жіберіп, өзімше сәнденіп бардым. Сабағымды да ат үсті орындағанымды қосыңыз)) Бұл да бір есте қалар сәттің алдындағы толқу деп түсіндім.

Сонымен не керек, сағат 10.30дарда қонақтарымыз жайғасты. Кеш тізгінін менің майталман-асаба группаластарым алды. Олардың жүргізгені тіптен ерекше енді)) Слайдтар, видеороликтер көрсетілді. Оның барлығы стандарт қой. Қызығын айтайын. Мен үшін басталған сәттен аяқталар тұсқа дейін қызықты өтті. Бірақ, оқырманның әрбір детальды "макси" сипаттап отырғанымды қаламайтынын білемін ғой. Сондықтан, қысқа да нұсқа. Үздік блоггерлер марапатталды. Тізімін соңында беремін)) Сұрақтарымызды қойдық. Мен тіпті жұлдызды блогқа дәмелімін ғой. Сөйтсем, ол расымен жұлдыздардың блогы екен)) Ештеңе етпес, мен де бір күні контент-менеджер боламын, Алла қаласа. Басқа да сұрақтар легі қойылды. Жауап берілді. Ендігі кезекте - ойын. Керісінше, жауаптарды Массагеттіктер бізден алатын болды. Ол да сәтті өтті. Мақтай бергенім емес, бірақ, қасымдығылар куә күні бойғы көңіл-күйімнің көтеріңкі жүргендігіне. Уақыт тығыз боп қалды, дене шынықтыруға асықтық. Әйтпесе, әлі талай нәрсе айтуға болар еді. Соңында "әл-Фараби" арнасы үшін сол жерде тікелей репортаж жүргізіп жібердік. Анар апайдан сұхбат алдым. Шын мәнісінде "в шоке" болдым. Досым Мейіржан Жылқыбай былай деп айтқан болатын ""Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұхбатында: - Анамның арқасында өмірімде алғаш рет "тірі" жазушыны көрдім - деп. Сол секілді, Айкерім апайдың арқасында тірі редакторларды көріп, танысып қалдық) Ризамыз! Көөөп рахмет! Әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. Анар апай, Мейіргүл апай, Сәния апай, Ардақ ағам, Болат аға - танысқаныма қуаныштымыыыыыыз!

Құрметті менің аға-әпкелерім! Сіздерге айтар ұсынысым бар еді. Егер алдағы уақытта кездесулер өткізілетін болса, бізге хабарлап айтыңыздаршы. Құр қалғымыз келмейді. Көңілдеріңзіден шыққан болармыз? (Қашып кететіндей әсер сыйламаған шығармыз). Сау-саламатта болыңыздар. Төменде суреттер және үздік ондық:

Аты-жөні Блог саны Ең көп қаралым Ең көп пікір саны Данагүл Берекет 4 784 19 Аққайыр Жадыра 18 677 46 Аққалыш Исатаева 3 438 11 Берікбол Төлеген 4 359 17 Гүлім Рысқұлова
3 303 17 Әсер Сарқыт 5 285 21 Мақфуза Тұрғанжан 2 270 22 Айзада Жайық 5 247 19 Әсел Бегман 5 202 13 Гүлбану Сапарбай 8 184 11


Бөлісу: