Жұрт корей сериалдарына не үшін әуес?!

Қазіргі таңда жамөспірім қыздар арасында корей сериалдарын, дәлірек айтқанда дорама қарайтындар маны жылдан жылға өсуде. Бұл үрдіс тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл елдер арасында байқалады. Мысалы: вконтакте желісіндегі "softbox” тобында шамамен 720 мың қатысушы бар. Әрбір жаңа салынған видеоны 1 тәулік ішінде қараушылар саны 165 мың . Әркімнің талғамы әр бөлек болғандықтан көрілім саны да өзгеріп отыруы мүмкін. Алайда кез-келген дораманың әр күні шығатын санын тағатсыздана күтетіндерде жетерлік болып табылады. Осы ретте сұрақ туындауы мүмкін,корей сериалдарына жұр неге сонша ынтық?-деген секілді. Бұл сұраққа бірреше дорамаларда көрген соң, өзіңізде жауап табуыңызға болады. Ең алдымен сериалдардағы актер мен актрисаларға қарасаңыз, олардың бір-бірінен өткен сұлу да сымбатты екенін байқайсыз. Бір сөзбен айтқанда көгілдір экран көзайымдары деуге болады. Демек осы жолмен көрерменді өзіңізге қаратып алдыңыз. Жұрт назары киноға ауды, енді не істеу керек? Алғашында өмірлік кішігірім комедияларды көрсетіп, көрерменді күлкіге қарық қыласыз. Одан соң барып, меледрама жанрына өтесіз.Арасында біраз өмірлік қиыншылықтарды қосып, шынайы өмір бейресін саласыз. Ақыр соңында барлық әділетсіздік пен қиыншылықты жеңген басты кейіпкер бақытты ғұмыр кешеді.Мұдай сценарийлер қазақстандық туындыларда көрініс тауып жатыр. Дегенмен олар кинокөрсетілім жағынан корей сериалдарынан біршама артта қалған . Оған себеп - кинотуындыларымыздағы шынайылықтың жетіспеуі болар. Көбіне бүйрегіміз комедияға бұрып, шынайы сезімдерді естен шығарып жатамыз. Оған қоса әртістеріміздің кемшілігі ме, нағыз эмоцияны бізге көрсетіп бере алмайды. Ойымызда осылай қиналған шығар деп те ойланып қаламыз. Шындығында сол қайғының бәрін экран бетінде көрсетілуі шарт, көрермен оны жәй ғана тамашалап ой түйеді. Кино түсіру еріккеннің ермегі емес, осыны барлық мамандар түсінсе екен. Кино - бұл тамақ секілді. Тұзын мөлшермен қосып, ащы шындықты көрсете білесіз.Оған қосылатын өзге де ингридиенттерді дұрыстап қуыру арқылы болса, әртүрлі жанрларда көрсете аласыз. Осы ретте тамақ әзірлеймін деп, ботқа жасап алмау керек.Ең бастысы жақсы рецепт қажет болады. Атақты бір режиссердің айтуы бойынша : "Керемет кин түсіру үшін 3 нәрсе керек.Олар біріншіден жақсы сценарий, екіншіден жақсы сценарий, үшіншіден жақсы сценарий . Демек осы заттың арқасында ғана, ғажап туында шығаруға болады.
Шыныменде адамды өзіне тарта алатын, шынайы эмоцияға толы фильмдер біздің елімізде түсірілсе, көрермен қауым риза болар еді. Көпке топырақ шашпаймын, қазірде жақсы туындылар шығып жатқан болар.Бірақта олар теңізден тамшы ғана болуда. Болашақта корей сериалдарын ғана емес, қазақ сериалдары да сұранысқа ие болады деген ойдамыз!!!



Бөлісу: