Журналистің этикалық кодекстері

Журналистің этикалық кодекстері
жеке
блог

Журналист – қоғамның, әділеттіліктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық жанашыры. Журналистің “ бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ” – деп, ел мүддесіне зиян келтірсе, заңда көрсетілген ережелерді бұзса, бұл оның этикалық тұрғыдан ойы таяздау екенін білдіреді. Журналист этикасы – оның сыртқы киімі мен бет-әлпеті ғана емес, адамгершілік тәрізді жақсы мінездерінің жиынтығы.

 

Р.С. Жақсылықбаеваның “журналист этикасы” оқулығында журналистерге арналған 7 принциптен құралған басты міндеттері мен құқықтары бар.

Мысалы, “азаттық” радиосының әлеуметтік желісінде 21 қыркүйек күні Ресей мен Украина мемлекеттері арасындағы соғыс кезінен түсірілімдер шыққан. Мәліметке сүйенсек, Ресей әскері Украинаның бірнеше қаласы мен облысын зымыранмен атқылаған. Украинаның әуе қорғаныс күштері 43 зымыранның 36-сын атып түсіргені анықталды. Салдарынан қаза тапқан және жараланған адамдар бейнежазбада ашық көрсетілген. Журналистік кодекстің 5-ші актісіне сай, “Адамның жеке басының өмірі мен қадір- қасиетін құрметтеу” мақсатында, олардың туған-туыстары, балаларының жүрегіне тимес үшін бұл жерде журналистің жағдаятты ауыр бейнежазбалармен емес, тек кейбір фотосуреттер және ақпараттармен беруге де болар еді.

Ал, 1-ші кодексте “журналистің жауапкершілігі туралы” айтылады. Мысалы сәуір айының 42- ші санында “Жас қазақ” газетінің Қазақстан премьер-лигасының кезекті туры аясында өткен «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол командаларының кездесуін қолдауға шыққан батыс қазақстандық жанкүйерлердің «Кіші жүз» деген плакатты алып, қала көшелерімен жүріп өткендігі жайындафотосуреттер газет бетіне басылып, мақаласы жарық көрді.

Рахымберлинова Жанел
4 - курс студенті