Журналистика "проходная дверь" болып кетті ғой

Журналистика "проходная дверь" болып кетті ғой
жеке
блог

Бүгінгі күні және мәңгілік  -  мен және абитуриенттер үшін «ЖОО түсу талаптары қандай?» - деген сұрақтың маңызы зор. Әрбір мектеп іргесінде оқып жүрген оқушылардың болашағы осы ЖОО-на түсу қадамынан басталады. Мамандық таңдаудың маңыздылығы – өмір сүрудің дәмі. Кез келген адам баласы өз өмірінің суретшісі. Осы орайда, әрбір көңілді өткізген сәттердің таңдауға байланысты екенін естен шығармау керек. Осы таңдау мамандыққа тікелей қатысты екеніндігін айтқым келеді. Менің қозғағым келіп отырған мәселем де менің таңдаған мамандығыма байланысты.

Бүгінгі күні журналистика саласы – оқуға түсуге келген студенттер үшін орысша айтқанда: «проходная дверь» секілді. ҰБТ тапсырып, тарих пен қазақ тілі пәндерінен максималды 50 баллды жинайтын болса, мұндағы шығармашылық емтиханнан кем дегенде 25балл алса, ақылы бөлім болса да өтеді. Журналистика факультетіне түскеннен кейін 1 семестр оқып, ауысатын студенттер жетіп артылуда.

2016-2017 жылғы көрсеткіш бойынша журналистика факультетінен заң факультетіне ауысқан  студенттер саны мемлекет ішінде 14-тен кем емес. Өзіміз білім алып отырған  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің өзінде бұл көрсеткіш алты студентті көрсетіп отыр.

Мені бұл қатты толғандырады. Айта кететін жайт, журналистика факультетіне түсуге келген әрбір студент шығармашылық емтихан кезінде:  «Журналист – бесаспап тұлға» - деген тіркесті 5-уінің 4-уі жазған болатын. Шын мәнінде,  «бесаспап» деген сөз қандай мағынаны білдіреді. Бұл домбыра шертіп, ән айту ма? Әрине, өнерлі болған дұрыс-ақ. Бірақ, барлық саладан хабардар болған жөн. Оқу бітіріп, мамандықты игеріп шыққан соң,  мамандығымызға сай жұмыс істеу барысында белгілі объектіден сұхбат алатын болсақ немесе әңгіме-дүкен құру, бағдарлама дайындау секілді қызметтер жан-жақтылықты талап етеді.  

Физика, медицина, химия, математика, тарихтан хабарың болмаса, сенен білікті маман шығады деп айта алмаймын. Сол себептен, сөз құдіреттілігін тек жан-жақты білімділігіңмен ғана дәлелдей аласың!