Журналистика - көшбасшы мамандық

Журналистика - көшбасшы мамандық
жеке
блог

Журналистика - көшбасшы мамандық

          Мамандық таңдауға келгенде көп талапкерлеріміз тосылып қалады. Дұрыс таңдау жасау үшін дұрыс мамандық қажет. Мұндайда, журналистиканы таңдайтындар да баршылық. Журналистердің қара шаңырағы ол- ҚазҰУ.

          ҚазҰУ ғылым саласында жоғары білім беру жүйесі ұйымдары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. Азия даму банкінің мәліметтері бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үлесіне республика ЖОО-дағы жүргізілетін барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарының 50%-дан астамы тиеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда 15 ұлттық зертхана құрылды, олардың ішіндегі нанотехнология бойынша құрылған зертхана біздің университетте ашылды. Бұл ҚазҰУ-дың зерттеушілік университет мәртебесін толық иеленуге жақындай түскенін білдіреді. ҚазҰУ білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.

апордачпр

        Университетте Қазақстандағы аса ірі ИНТРАНЕТ желісіне қосылған, 3500 заманауи компьютерден тұратын корпоративтік ақпараттық жүйе құрылған, сондай-ақ компьютер кластары мен Интернет залдар жұмыс істейді. Интранет жүйесі барлық оқытушылар мен студенттерді қамтитын, оқу үдерісінің барлық кезеңінде көптеген параметрлерді күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін, студенттерді оқуға ынтыландыруға, олардың үлгерімі мен болашақ жұмыс орнында білімін практикалық қолдану қызығушылығына ықпал ететін ірі корпоративтік желі болып табылады.

        ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.

         Біздің университет студенттерінің өмірі қызықтылығымен әрі алуандығымен ерекшеленеді. Ол тек дәрістер мен семинарларға қатысумен ғана шектелмейді. Олар шалқыған шығармашылық қуат пен жастық жалынды, балғын талантты шыңдайтын театр студиялары мен поэтикалық клубтарға, көңілді және тапқырлар сайысына белсене қатысады. ҚазҰУ – Ыстықкөлде жеке спорттық-сауықтыру лагері бар Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны.

н,цңк,гғ,

          Тарихын 1934 жылы құрылған ҚазКЖИ-дан бастайтын ҚазҰУ-дің журналистика факультеті - 80 жылдық тарихы бар, білім берудің ғылыми-әдістемелік дәстүрімен бай тәжірибесін, Қазақстандағы журналистикалық ілімнің ғылыми-зерттеу мектебінқалыптастырған іргелі білім ордасы. Қазір уақытта факультеттегі мамандар дайындау үдерісін Баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары; ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс; Баспа ісі және дизайн кафедралары жүзеге асырады. Факультетте профессор М.К. Барманқұлов атындағы теле-радио студиясы жұмыс істейді. Ұжымда журналистика саласына танымал көрнекті ұстаздар-ғалымдар еңбек етеді. Факультет іргелі шығармашылық одақтар және бұқаралық-ақпарат қауымдастықтармен келісімшарт негізінде тығыз байланыс жасауда.Студенттердің мамандану тәжірибелері, шеберлік шыңдауы осынау шығармашылық құрылымдардаөтеді.

         Журналистика факультетінде шетелдік байланыс және академиялық ұтқырлыққа ерекше назар аударылады. Соңғы 3 жылда факультетте 30-дан астам шетелдік профессорлар дәріс оқыды. Факультетте қазіргі кезде АҚШ-тың Колумбия, Оклахома, Огайо, Вайоминг университеттерімен, Польшаның А.Мицкеевич ат. Познань және Н.Коперник ат. Торунь университеттерімен, Түркияның Стамбул, Гази, Анкара университеттерімен, Ресейдің М.В.Ломоносов ат. МГУ, Санкт-Петербург университеттерімен келісімшарттар жасалып, тығыз байланыстар орнатылған. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша факультеттің студенттері мен магистранттары АҚШ, Польша, Түркия, Испания, Португалия елдерінде бір семестр білім алады. Факультет магистранттары АҚШ, Польша,Ресей, Оң.Корея, Португалия, Испания, Түркия елдерінде ғылыми тәжірибеден өтеді. Бағдарлы 3 бағытқа негізделген: Білім беру, Ғылыми-зерттеу жұмыстары, Өндіріс – бәсекеге қабілетті, білікті де білімді маман-журналист даярлаудағы инновациялық модель – журналистика факультетінің басты стратегиялық мақсаты. Факультет жыл сайын оқу үдерісіндегі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмыстарының тиімділігінің сапасын арттырып, уақыт талабына сай жаңартпалы ізденістерді жүзеге асыруда .

         Журналист – ең алдымен шығармашылық тұлға! Факультетке оқуға қабылдауда да, оқытуда да талапкерлердің шығармашылық әлеуеті басты назарға алынады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультеті, 3 курс

Беласар Гүлжанат

Жетекшісі: Жұртбай  Н. Т.