Журналистика- қоғамның шарайнасы

Журналистика- қоғамның шарайнасы
жеке
блог

Қоғам- топтасқан адамдардың қарым-қатынасынан, тұрмыс-тіршілігінен көрініс беретін бірлестік.Адамдардың жұмылуынан қалыптасқан қоғамда ақпараттық байланыс өзекті орын алды.  Ақпараттық байланыс- қоғамның мақсат-мүддесін анықтауға, олардың өзара түсінісуіне мүмкіндік беретін маңызды қатынас.
   Ықылым заманнан бері ақпараттың таралып, хабар алмасудың маңызы артып сатылай дамып келеді. Ең алғаш тасқа қашап сурет салу, белгі қалдыру ақпарат таралуына тірек болды. Кейінірек, жазу мен сызу пайда болуы үлкен өзгеріс алып келді. Адамдар жазу арқылы ақпарат таратудың тиімділігін меңгере бастады. Екінші ірі өзгеріс қоғамдағы айшықтылық- кітаптың пайда болуы еді. Ондағы ақпараттар білім өркениетіне көптеп көмек берді.Елде хандық билік дәуірлеп тұрған тұста екі ел арасы хат алмасып ақпарат осылайша беріліп отырды. Әрине, айлап-жылдап жол жүріп ақпараттық көпір бола білген елшілердің елшілік қызметін тілге тиек еткеніміз абзал. Бертін келе, XX ғасырдың ортасында ақпарат таратудың құралы ролін жаршылар атқарды. Шығыс елдерінде жаршылар жаңалықтарды ірі базарларда аралай жүріп таратты. Ақпарат алу мен таратуда шабармандар да елдің түрлі аймақтарына хабар жеткізіп дамуына үлес қосты. Қазіргі заманда ақпарат күллі жаһанамды жаулап, оны таратушылар «Журналистика» деген үлкен бір салаға «Журналист» атауымен қызмет етеді. 
   Журналистиканың қоғамдағы қызметі. Ақпараттың көптігінен оның анық-қанығын, ақиқатын  түсініп білу қиынға соқты. Арнайы хабар жинап  таратушы ретінде журналистика қоғамның қажеттілігінен туылған. Журналистика қоғамға экономикалық, саяси, мәдени, рухани ақпараттардың аражігін ажыратып, жинақтап таратты. Қазіргі XXI ғасыр ақпараттың заманы. «Ақпарат кімнің қолында болса сол әлемді билейді» деп бекер айтылмаса керек. Желден де жүйрік келетін ақпараттар легін толықтырып, қамтамасыз етуде журналистиканың маңызы зор. Журналистің миы ақпараттың отаны болғандықтан оны түрлі БАҚ саласында тиімді қолданып тарату қызмет иесінің қоғамдағы орнын нақтылайды. Журналистикадағы ең маңызды қызмет-ақпаратты әртүрлі бағытта әр аймаққа тарату.Тележурналистика, радиожурналистика, әлеуметтік желі мен ақпараттық- танымдық сайттар арқылы журналистиканың қоғамдағы қызметі орасан зор екенін білеміз. Журналистиканың өзі халықпен тікелей байланыс жасап, «халықтық» болып саналады. Халықтың мұң-мұқтажын басшылыққа жеткізіп, ел мен билік арасындағы үзілмес көпір болады.
   Журналистика-қоғамның шарайнасы. Ол қауымға болып жатқан әрекеттер жөнінде ой салады, шындықтың шырмауынан құтқарып, жол сілтейді, қараңғылық кеңістігінен алып шығады. Маңызды қоғамдық-саяси роль атқарып, әлеуметтік белсенділікті туғызады. Журналист жазбасы арқылы қалың бұқараның санасын билей алады. Адамдардың бойына сан-саладағы көкейкесті міндеттерді, жақсылықты сіңіреді. Журналистиканың қоғамдағы қызметіне Ұлыбританияның ықпалды саяси қайраткерлерінің бірі болған Лорд Росберри былай баға берген: «ағылшын баспасөзі бізге, саяси қайраткерлерге сенімді жол басшы болып отыр, біз ол арқылы ұлттың тілегімен, идеяларымен танысып отырмыз».Расымен ақ ұлттық болмысты айқындайтын, халықтың үнін жеткізетін журналистика саласының бұл қызметі де кең етек жайып тұр. Журналистика қоғамда жазу, жинау, өңдеу,басып шығару, тарату қызметтерімен белгілі. Әлеуметтік институт болып табылатын бұл сала идиологиялық бірлестікте танымдық, ағартушылық, тәрбиелік пен білім беру функцияларын атқарады.Ақпараттық қызмет журналистикадағы ең бір маңызды функция екеніне зерттеушілердің қарсылығы жоқ. Журналистиканың қоғамдағы қызметіне бұл ойшылдардың пікірі хақ жарылса да, осы бір функцияны бірауыздан құптайды. Себебі, ақпарат қазіргі заманның негізгі қайнар көзі, адамның іс-әрекетінің бастауы. Әрбір тұлға өзінің өмір сүруіне қажетті ақпаратты алуға құқылы. Ресей зерттеушісі Е.П.Прохоров журналистика қызметін коммуникациялық, ұйымдастыру,идеологиялық,мәдени-ағартушылық,жарнамалық-анықтамалық, рекретивті қызметтер деп бөледі. Мен бұл пікірге толықтай қосыламын. Себебі, журналистика бір ғана емес барлық тақырыпты қамтитын ірі сала. Ол байланыс, көңіл-күй,бағдар, насихат, сұранысты қанағаттандыру құралы бола алады. Ал журналистиканың шоқпары журналистер психологияның, спорттың, медицинаның, қарулы органдардың да және т.б. атмосферасына кіре алады. Сол салаларда мақала жазып, халыққа тиімді ақпарат беруін әмбебап қызметке балаймын.
     Қоғамдағы журналистика атқарар қызмет қыруар. Сол қызметтердің бірін ақсатпай бұл ауқымды сала әлі күнге дейін алып келе жатыр. Халық игілігі үшін әрбір сала ұтымды қызмет  етеді. 

Жұмаш Еңлік
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Журналитика факультетінің 2-курс студенті

 Ғылыми жетекшілер: Майкотова Ғ. Т.,ф.ғ.к., доцент,  Әлім Ә,.А., аға оқытушы