Журналистика жүйріктері сынға түсті

        Бүгін қасиетті қара шаңырақ Қазақ Ұлттық Университетінде жас журналистерге арналған «Ең дарынды болашақ журналист» атты байқау өтуде. Жас журналистердің біліктілігі мен білімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл сайыстың қатысушыларға берері мол. Сайыстың шарттары нағыз журналистердің тәжірибесін шыңдайды.

       12 өңірдің намысын арқалап келген студенттер бірінші кезеңде журналистикаға байланысты тест сұрақтарына жауап берді. Екінші кезеңде «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», сондай-ақ «Ең үздік үнхабар» және «Ең үздік онлайн жазба» аталымдары бойынша жарысқа түсуде. Команда мүшелері өздерін барлық қырынан көрсетуге тырысып бағуда. Тікелей эфирде радиохабар жүргізіп, оқиға орнында бірден онлайн жазбалар жариялау - болашақ журналистерге үлкен тәжірибе мектебі болары сөзсіз.

        Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл олимпиада – болашақ мамандар арасындағы әріптестік байланысты дамытып, өңірлер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасап отыр.

        Екі күнге жоспарланған олимпиаданың бірінші күнінде журналистер тест тапсырып, өз саласы туралы білімін тексерді. Бүгін, міне, олимпиаданың екінші күні журналистер практикалық дайындығын көрсетуде.



Бөлісу: