Журналистика және ХАТУ

Журналистика және ХАТУ
жеке
блог

Журналистика-менің болашағым. Биыл осы саланың табалдырығын аттадым. Қазақ журналистикасында үлкен өзгерістер болып жатыр. Заман талабына сай ақпараттық сайттар белең алуда. Медиа компаниялар бір мезетте ТВ, радио, онлайн форматта мәліметтер ұсынады. Бәсекелестік дәл осылай өрби берсе, ұлттық БАҚ-тың келешегі жарқын болмақ. Бір уақытта бірнеше бағытта мәлімет дайындайтын мамандардың саны артады. ХАТУ-дың да мақсаты бүгінгі және болашақ журналисттерді дайындау. 4 жыл бойы біздер мамандықтың барлық тармағында өзімізді практикалық тұрғыда білім аламыз. Камера ұстап, сұхбат алып жүрген студенттерді тек IT университетінен көруге болады. Жоғарғы оқу орнында оқып жүргеніме 2 айға жақындады. Осы уақыт ішінде мақала жазудың қыр-сырың меңгердім. Ой тазалығы, сауатты жазылымдар, бейтарап болуды үйрендім. Кәсіби интервью дайындаған кездерімде болды. Кейіпкерді ашу және тыңдай білу туралы түсінгімді артты. PR негіздерін білдім. Мектепте мұғалімдерге еркелеп өскен балаға студенттік өмірге үйрену қиын екен. Оқу ордасының тыныс-тіршілігіне енді арласып келе жатырмын. Бұл тек менің алғашқы қадамдарым ғана. Қазақ журналистикасының келешек тізгінін ХАТУ-дың журналисттері ұстайтынына сенімдімін.