ҚазҰУ-дің журналистика факультеті Республикадағы нағыз кәсіби журналистерді дайындап шығаратын бірден-бір оқу орны. Басқа да жоғары оқу орындарында да журналистик мамандар дайындалатындығы рас және біреу емес, бірнешеу. Олардан біздің факультеттің төрт басты ерекшелігі бар деп білемін.
Біріншіден басқа жоғары оқу орындарында масс-медиа мамандарын дайындайтын өз алдына жеке факультет жоқ, журналистика өзге мамандықтармен біріктіріліп, немесе басқа мамандық факультетінің кафедра деңгейінде қалып қойған.
Екіншіден, біздің факультет – 80 жылға таяу тарихы бар, қазақ руханиятының сонау алаш арыстарынан бастап небір алыптары дәріс оқып, маман дайындаудың ғылыми-әдістемелік дәстүрі мен бай тәжірибесін қалыптастырған оқу орны.
Үшіншіден, Қазақстандағы журналистер дайындаудағы материалдық-техникалық базасы бүгінгі күн талаптарына толығынан жауап беретін бірден-бір оқу орны біздің факультет деп нық сеніммен айтуға болады.
Төртіншіден, Қазақстандағы журналистика саласындағы ғылыми-зерттеу мектебін қалыптастырған ҚазҰУ-дің журналистика факультеті. Мұнда қазақ журналистикасы мен әлем журналистикасы тарихын зерттеудің кезінде профессор Қалижан Бекхожин негізін қалаған, бүгінде ҚР журналистика академиясының президенті, профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев жалғастырып, дамытып отырған ғылыми мектебі қалыптасқан. Журналистикасының теориясын зерттеу мектебін профессор Тауман Амандосов қалыптырса, қазіргі заман журналистикасын зерттеуді алғышарттарын жасап, оны өнегелі мектепке айналдырған прфессор Темірбек Қожакеев. Теле-Радиожурналистика зерттеу ілімінің әлемдік деңгейдегі ірі ғалым, профессор М.Барманкулов негізін қалады.
Бұл күнде жоғары да аты аталған ғалымдар қалыптастырған мектептер өз бағыт-бағдарын жаңа заман талабына сай жаңғыртып, жаңартып одан әрі дамыту үстінде. Бүгінде факультетте кеңейтілген үш кафедра, теле-радио комплекс жұмыс істесе, онда онда көптеген ұлағатты ұстаздар, көрнекті ғалымдар еңбек етіп, дәстүрді жаңаша дамытып келеді.
Білім алам, журналист болам деген талапкерге бізде бар жағдай жасалған, олар ертеңіне нық сеніммен қарап, Қазақ ұлттық университеті сынды қасиетті қарашаңырақтан білім алып шыққан азамат ретінде өз отаны тәуелсіз Қазақстан, өркениетті қоғам, болашақ үшін еңбек етем десе, біздің факультетте білім алғаны жөн. Өрелі ортадан шыққан шын талант қашанда биіктерге самғайды. Ал талантқа қашан да қаламгерлік кеңістікте өріс кең екендігі бесенеден белгілі.
Қазір кезеңде факультет құрамына үш кафедра кіреді:
Баспасөз және электрондық БАҚ (кафедра меңгерушісі: с.ғ.д., профессор Сұлтанбаева Гүлмира Серикбайқызы).
Юнеско, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс(кафедра меңгерушісі: ф.ғ.д., прфессор Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы)
Баспа ісі және дизайн