Көптен күткен «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастыруымен және «Халық банк» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ демеушілігімен өткен журналистер арасындағы «Еркін сөз» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.
Шара 9 желтоқсан күні Вивалди мейрамханасында жоғары деңгейде өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастырған байқауға 2017 жылдың 09 қазаны мен 27 қарашасы аралығында жарияланған материалдар қабылданыпты.
Қор президенті Нәзия Жоямергенқызы «Еркін сөз» шығармашылық байқауын жыл сайын өткізу дәстүрге айналатынын тиек етіп:
«Еркін сөз» шығармашылық байқауын ұйымдастырудағы басты мақсат – қаржы-экономика саласына маманданған қазақ журналистердің кәсіби білігін бағамдау. Түскен материалдарды іріктеу барысында біз қаржы саласы әлі күнге қазақ журналистердің осал тұсу екеніне көз жеткіздік. Осы орайда, демеушілер таба отырып, алдағы уақытта қаржы және экономикалық тақырыпта қазақ журналистерге арналған тегін семинар-тренингтер, шеберлік сабақтары мен арнайы курстар өткізуге шешім қабылдадық. Әлбетте, бұл бір күнде орындалатын шаруа емес. Қаржы мен уақытты талап етеді», - дейді өз сөзінде Н.Жоямергенқызы.
Жүлделі болған барша әріптестерімді құттықтаймын, әрі бізге демеушілік көрсеткені үшін Халық банк» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ ұжымына шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Сіздер сияқты қолдаушы бар да, журналистердің қашан да мәртебесі биік, ойы асқақ!