Журналист қызметі қаншалықты еркін?

Журналист қызметі қаншалықты еркін?
жеке
блог

Ақпараттардың лаулаған қара қазанында қайнап жүрген журналисттердің қызметі қаншалықты еркін екендігі үлкен мәселе болуда. Бұл пікірді қолдамайтындар журналистердің биліктің қол шоқпарына айналғандығын жеткізуде. Қазіргі таңда жаппай өтірік айту заманында шындықты айту экстремизм саналу әсерінен саясаттың кейбір ащы тұстары айтылмай кетіп жатыр.Себебі журналисттік белгілі бір манипуляцияға ұшырау әсерінен. Бұл мәселені әлемдік деңгейде талқылайтын болсақ, Ресейде ОДТ қоғамдық телеарна ашылады. Алғашқы уақытта бұл телеарнаны мемлекет қаржыландыру керек болады. Мемлекет қаржыландырғаннан кейін «Мемлекетті сынауға болмайды,кейбір мәселелерді қозғауға болмайды» деген сөздер айтыла бастады. Қазіргі таңдағы журналисттерде сөз бостандығының болмауына тағы да бір дәлелі митингтердің болуы. Elitar.kz пайымдауынша осыдан 1 жыл бұрын Алматыда журналисттер сөз бостандығы үшін митинг өткізді. Қоғамның үні болған журналисттер цензураның болмауын, сөз бостандығына жол беруді талап етті. Халықтың журналисттердің қызметі еркін деп санайтын екінші тарапы журналистердің  қызметінде төтенше оқиғалар немесе халықаралық жиындар өтетін жерлерге баруға толықтай еркіндік берілген деп пысықтайды.