Журналист болу..............

Журналист болу..............
жеке
блог

«Журналист – нан таратушы сияқты. Нан халыққа қаншалықты қажет болса нан таратушы да сондық нанды тұтынушыларына таратады. Журналист те қоғамның әр бір мүшесі үшін ақпарат татаратады және оның ақпараты адамның өмірінде өте маңызды,»- деп жас журналист Мұхаммеджан Болатұлының айтқаны бар еді.

Журналистика қызығатын мамандық емес, ол жұмысты, көп ізденісті талап ететін, қызығуды емес, махаббатты қалайтын мамандық. Журналист қоғам үшін керек кезінде журналист те, экономист те, саясаткер де, спортшы мен дәрігер де бола білуі керек. Себебі, ол барлық дайындағалы жүрген ақпаратты, мамандықтарды, оқиғаларды өзі сезіне білуі керек. Сонда ғана жұмысы жемісті, өтімді болады. Журналисттің ойы ұшқыр, кез келген жағдайға дайын, төзімді болуы тиіс. Ақпарат көзі қайда болса, сол ақпаратты бірінші болып халыққа жеткізудің жолдарын қарастыру керек. Әрдайым шындықты айтып, өзінің «төртінші билік» өкілі екенін ұмытпауы тиіс...

Мен сол журналистика мамандығына ғашық болып, осы оқуға түстім. Қандай да болсын журналистикалық тармақта жұмыс жасағым келді.Әкем экономист боласың деп қайраған сайын, журналистикаға деген тұншыққан сезімім үдей берді. Алланың жазуымен, бағым жанып, осы мамандыққа оқуға түстім. Атағы жер жарған журналист боламын деп айта алмаймын, бірақ, жерде қаламын демеймін, барынша халық игілігі үшін аянғым келмейді. Бұл мамандық үлкен бір ғылыми энциклопедия сияқты, бетін аша берсең, жаңа баяндамалар, жаңа ұғымдар шыға береді, шыға береді.  Энциклопедияның бетін шатастырып оқып алсаң, бар мәліметтен жаңылатыныңдай, журналистиканы дұрыс меңгермесең өзіңнің де өзгенің де сорына айналасың. Бұл журналистика деген энциклопедияны толық меңгерген адам жоқ, сірә... Ал Қазақстанның мықты журналисттері деп қарастыратын болсақ, санына келгенде саусақпен санағанда бір-екі саусағың артық қалады. Себебі, білімі мықты болса да, кейіннен қоғам үшін емес, өз мүддесі үшін жұмыс жасап, оңбай жаңылысып, балды майға, суды лайға айналдырып жіберетіндер көп. Журналист әрдайым халық назарында болады, сол сияқты халықтың әр тынысы да журналист назарында болады. Мейлі түнде, мейлі боран мен аязда, ит өлген жердей алыстан болса да, кез келген жағдайда ақпарат жинап, дайындау үшін журналисттің қағазы мен қаламы сақадай сай дайын тұруы керек. Жауапкершілікті көп қажет ететін мамандықты таңдағаным да сол себепті, халықтың мұқтажын кез келген уақытта, кез келген жағдайда қамтамасыз еткім келеді. Тұғырлы еліміздің тәуелсіз журналисті болып, дербес ақпарат жинап, өзгеге бас имейтін текті жұртымызға ұсынсам деген мұратым бар...

(Қуып кеттім)))))))))))