Журналистика-ар ұждан мен қоғамның айнасы.Бұл салаға келгендегі басты мақсатым ой еркіндігі мен сөз бостандығына қол жеткізіп,бүгінгідей мәңгүрттік дерті саналарды улап жатқан қоғамда,бұқара жүрегіне жылу сыйлап,журналистиканың жілігін шағып майын ішетін нағыз төртінші билік иесі,білікті маман болу.Зымырап өтіп жатқан бір уақыт.Ғаламда болып жатқан қазіргі таңдағы өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты,жаңа ұғымды,жаңаша ойлауды талап етеді.
Менің таңдаған мамандығым-бала кезімнен алдыма қойған мақсатымның,қиялымда кеңге қанат жайған асқақ арманымнык нәтижесі-ол журналист болу.Қарапайым көп журналисттердің бірі емес жаһандық аренада танымал қазақ журналисті болу.Қазақ еліндегі журналистика саласының беделін әлемдік деңгейдегі елдермен теңесуіне септігімді тигізу.
Журналист болғым келеді…….Бұл ой маған ғайыптан не болмаса ата-анамның қалауы арқылы келген жоқ.Қазіргі жүректегі<<Журналист боламын>> деген жалын оты бала кезімнен тұтанып жүрегімнің төрінен орын алған болатын.
<<Өзіңе сен өзіңді алып шығар ақылыңмен еңбегің екі жақтап>>дей отыра адамдар арасында жүріп,олармен тіл табысып қандай да бір мәселелерге ой қосып шешімін тауып өзіме жүктелген міндетті кемшіліксіз атқару үшін қабілетімді одан әрі дамытып отырғым келеді.Әр адам кез-келген нәрсені өзі істеп көрмейінше өз басынан өткермейінше үйрене алмайды.<<Көз қорқақ-қол батыр>>деген нақылдың мағынасы да сол қисынды түсіндіреді.
Журналистика-күш,ашық пікір,шынайы мінез,тұңғиықты ой,талғампаз көзқарас анық көрінетін бірден-бір мамандық.Қоғамдағы көкейтесті,өткір мәселелерді қозғайтын да сада.Оны қоғамның <<төртінші билігі>> деп атайтыны да содан.
Менің арманым-Менің болашағым.Болашақта өз ісімнің шебері болып,өз саламның шыңына табан тіреп тұратын күнге де жетемін деген үміттемін.Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатарына бақ болып менде қонармын!