Журналист болғым келеді

Журналист болғым келеді
жеке
блог

                               Журналист болғым келеді

      ”Адам баласы өмірдегі маңызды екі таңдауда қателеспеуі керек. Оның біріншісі-мамандық таңдау да, ал екіншісі-жар таңдау да”-дейді біздің зиялы азаматтарымыз. Екеуінде таңдау кезінде әркімнің ойы мен сөзіне еріп емес, өзіңнің жүрегіңмен сезініп таңдау қажет. Әйпесе өмір бойына өкініп, бармақ тістеп өтуің әбден мүмкін. Мен арман еткен мамандығымды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Менің таңдауым-Журналист мамандығының иесі болу. Не үшін дәл осы мамандықты таңдадың деп сұраушылар да көп. Оның ең бірінші, басты себебі ол менің бала кезгі арманым болатын. Алғаш рет бесінші сыныпта оқып жүргенде қызығушылығым оянды. Содан бері міне алты жыл бой журналист боламын деп келемін.Арман қанатты құс секілді сені алысқа қанат қаттырып, шарлатып алып кетеді, арман құсымен еріп болашағымды тек журналист болып қана елестетемін. Теледидарда жаңалықтарды қарап отырып ұлы, дана Абай атамыз айтқандай ”болмасаңда ұқсап бақ, адам боламын десеңіз”-демекші соларға ұқсап, солар секілді тележүргізуші болып, теледидарда жаңалықтарды хабарлап отырғым келеді. Адам баласы анадан екі мінезбен туады бірі-ішсем, жесем деп, екіншісі-білсем, үйренсем деп, ал мен өмірімнің барлығын журналистикаға арнағым келеді. Әрине, сыншы көздер мен арманды бос деушілерде жетерлік. Бірақ, алдыма қойған мақсатыма қалайда жетемін. Ғұламаларымыздың өздері айтқан емес пе ”өнер; бір пайыз талант, тоқсан тоғыз пайыз еңбек”- деп. Қажырлы еңбек пен тоқтаусыз ізденіс, талпыныспен бала кезгі арманыма жетемін деп сенемін. 

       Журналист-ол елінің сөзін сөйлеп, айтқанын жақтайды, халқының жоғын жоқтап мұңын даттайтын жан болғаны үшін, өте көп сынға түсетін кәсіп иесі. Аса көрнекті, дарынды қаламгеріміз Шерхан Мұртаза былай айтқан ”Журналист көргені-алтын, жегені-жантақ”-деп. Нағыз шыншыл ұлтжанды журналист қана қанша сыналса да, халқымен жүрегі бірге соғып, оның тілі мен құлағы бола алады.Уақытты тиімді, ұтымды пайдаланып жаңа тақырыпта ой толғау аса маңызды. Жаңалықтар ашып, оларды жеткізе білу дарынды журналисттің міндеті болып саналады. Ғабит Мүсірепов ”жер бетінде өзіңнің туып өскен жеріңнен құдіретті ел жоқ”-деген. Өз жерін сүйу керек, оны қастерлеп бағалай білу, салт-дәстүрді дәріптеп, келер ұрпаққа ұмыттырмай үйрету, Отанды қорғау әр азаматтың борышы. Сонда ғана сен өз еліне пайдасы тиетін ”Адам”бола алсың

 

                                                                         Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы                                                                                    Новокаменка орта мектебінің

                                                                          11-сынып оқушысы

                                                                           Маржан Қасымбекова