Журналист мамандығы жауапкершілікті талап ететін мамандық.БАҚ жүрегі,жаңалықтың жаршысы болу бақыты маған да бұйырар деген сенімдемін.Менің ойымша,өзіне ұнамайтын мамандықта тер төгіп,жалақы үшін жұмыс істегенше,өз арманындағы мәнсапта үздік болуға ұмтылып,немесе жәй ғана өзіннің жан рақатын үшін жұмыс істеу нағыз бақыт.Адам мамандық тандағанда қателеспегені жөн.Себебі,адам өмірінде маңызды орын алатын таңдауды дұрыс жасау,болашақта бақытты пенде болуна көмектеседі.Абай атамыз "Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та,бар қалан деген сөзінің өзі менің бүкіл айтқым келіп отырған ойымның түпкі мағынасын сіздерге жеткізбек.Өмірінде бүтін кірпіш болып,ҚАЗАҚСТАН атты ғимаратта ойып тұрып орын алатын адам болу менің арманым.Менің алғашқы өлеңімді сіздердің назарларыңызға ұсынамын:
Асыл арман жетелейді мұратқа,
Армандаған адамдар жетер ме екен мұратқа?
Жету үшін мұратқа мақсат керек әмәндә,
Жету үшін мақсатқа еңбек керек қашанда!
Арманыма жетіп,журналист болатыныма сенемін.Екі қос қанатым арман деген қалаға,ертегі әлеміне жетелесе де,мен сол армандағы түсіме енбек ету арқылы жететініме сеемін.Сіздер де армандаңыздар!Себебі,арман адамға қанат бітіреді.