Журналист болғым келеді.

Журналист болғым келеді.
жеке
блог
Арман... Әр адамның әрбір жанның өз армандары болады.Менің де өз армандарым бар.Менің арманым-журналист болу.Өскен сайын арманың асқақтай береді екен.Мен 8- сыныпқа дейін әнші болуды армандадым.Бірақ 8 -сыныптан кейін арманыма жету үшін алдыма мақсат қойдым.
Сіздер ойлап отырған шығарсыздар бұл бала қалай әнші мамандығын таңдап жүріп , журналист жолына түсті деп.Кішкентай кезімде әнді көп тыңдайтынмын, концерттерді жиі көретінмін. Бірақ бір күнде бір концертті қайталап көре беруден , бір әнді қайталап тыңдай беруден жалығатынмын.Жалығып ,ерігіп отырғанда телешоу сияқты әртүрлі шоуларды көретінмін.Сондай керемет шоулардың бірі "Айтуға оңай " -ды жиі көретінмін. Айтуға оңайда неше түрлі мәселелер қозғалатын, әр адамның зар мұңын және қуанышын бөлісетін шоу еді.Бұл шоуды көріп қана қоймай мен Бейсен Құранбекке Еліктеуші едім. Ал Айтуға оңай ток шоуы аяқталғаннан кейін ,ол кісі "қаракет" атты тамаша ток шоудың жүргізушісі болды.Ол кісінің сөз мәнері мен тамаша сөйлеу қабілеті , мәселелерді ұйымдаса шешуі маған қатты ұнады.Шіркін ,сол кісідей бола алсам ғой менің одан артық арманым болмас еді ! 
Қорытындылай келе, алдымызға қандай мақсат , қандай арман қойсақ та ешқашан тайсалмауымыз керек.Алға мақсат қойғаннан кейін соған жету жолын іздеуіміз керек деп ойлаймын.
Халық айтады ғой " Армансыз адам- қанатсыз құспен тең"- тең.Сол себептен де жас достар, жас түлектер армандарыңызға жетулеріңізге тілектеспін.