Жүректің мәнері © Фазыл Жандос

Жүректің мәнері © Фазыл Жандос
жеке
блог

Көптен күткен асыға жазылған өлеңім...Бағалап көріңіздер....Авторлық құқықпен қорғалған.

Көкжиек – ұштасқалы аспан, жермен

Уағдалас, пікір айтып отырмын елмен

Бұйымтай, әлі жалғыз терезеңнің

Отырсың жақтауында сықтап желмен.

 

Жаныңды үрей қуып артқа төккен,

Алақанды жаярсың, сұрап көктен.

Кешегі борандатқан күндер артта

Көз әйнектей керемет алда көктем.

 

Көздерің бота жүзді моншақталған,

Қарадық та тамсандық он шақты адам.

Қараңғы аспан іші айдай сыйқың

Неліктен тым жаратқан сонша жалған.

 

Беймаза қып, санамды ұрладың тыс

Көше бойы өткенде, мезгілің қыс

Ынтығып саған қарай беттей келе

Танысқаным есімде, қақпалы тұс.

 

Ырғақтың толқыны еді әлсіз ауа

Жүрегім – сенікі тек, міне жаула

Мүлгіген айналаңа ойым қашып

Сені көрсем танармын есім сау ма?!

 

Сол дерек, оңтайлы шешім дұрыс

Алып ұшқан сезімді айтпау бұрыс

Жүректің мәнері бұл лапылдаған

Кешкі уақыт күнігі ұлыс, жұлыс.

 

Сөз тастадым, ойларым шашыраңқы

Хош иісті қызғалдақ – кәне аңқы

Мұқағали лириканы бір жырласа

Әлем кетер теңселіп жұрт сырласа.

 

Жауапты сонша жылдар создырғаның

Бөлшекті жүректегі тоздырғанмын

Сезімдердің ірге тасы махаббатты

Мен де аямай ақымақ жан оңдырғанмын.

 

Бақытсызсың бірақ та сен солмадың

Бақыт құсы төбемізге кеп қонбадың

Құдіретті махаббатты құрбан қылған

Төлегеннен мен байғұс кем болмадым.

 

Міне жарық, міне толған, міне айым,

Отырмын, көңілсіздеу төмен жайым.

Міне жүрек, міне мәнер, атылғаннан

Тиді ессіз, ашиды сезім дайын.

 

Тас жолы. Келермін үнсіз – жаяу,

Мәнері жүрегімнің соғар баяу

Бұйымтай, әлі жалғыз терезеңнің

Отырсың жақтауында, көңіл бояу.