Жүректер жараланбасын...

Жүректер жараланбасын...
жеке
блог

Көңіл-күйім жоқ, достарым. Түк те. 

Осы жаңа ғой. Бір әжей баса-көктеп кіріп келді. Пәтерге. Есікті құлыптамаппыз. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, қалшылдап тұр. Төбемізге жай түскендей, үшеуіміз үш жақта қатып қалдық. 

-Суды өшір, суды өшір, - деп жуынатын бөлменің есігін жұлқылайды келіп. Ол жақта ешкім жоқ еді. 

Сөйтсек, мәселенің мән-жайы әріден емес екен. Айтуы бойынша, бізден бір қабат төмен тұратын әжеміздің үйін су басқалы жатқан көрінеді.  

Жуынатын бөлмеде бәрі дұрыс екенін көрді де, әжей селк етіп есін жинады. Есіктің сыртындағы үй нөмірін қайтып қарады да... Келесі пәтерге қарай жұлқына аяңдады. Шатасыпты. Пәтер нөмірінен. 

... Сөздері әлі құлағымда шың-шың етіп тұр. Ашу үстінде өзін ұстай алмаған әженің түрі көз алдымнан кетер емес... Бар ызасын лақ еткізіп жүрегіме көшіріп тастап кете барғандай. Біртүрлі ауыр... 

Кейде автобуста тұрғанда біреуді аңдаусызда итеріп қалсаң, әлгі көзі шатынап, қатты-қатты сөздер айтып тастайды ғой... Жасыратыны жоқ, ашу үстінде өзіміз де артық сөздер айтып қалып жатамыз. Біреумен сөзге келіп қалғанда тек қана содан жеңілмеу принципімен сөз қуалап, ә десе, мә дейміз. Есең кеткендей. Алты атаңның құны қалғандай... Ал оның көңілі жараланып, жүдеп қалады-ау деген ой сол кезде миыңа кіріп те шықпайды. "Қазіргі заман - қатыгез заман" деп жатады. Рас. Адамдардың көбі жолы болмай, өмірге өкпелеп жүр ме дерсің... 

Иә... Көбі өмірге өкпелі. Ал өмір өзіне ғашық жандарды сүйеді емес пе?

P.S: Ашуыңызды қалай жеңесіз? 

Сурет: lovestih.ru