Жүректен шыққан шығарма

Рөлдерде:          Қуаныш –басты кейіпкер.  

Назерке – Қуаныштың анасы.  

Назгүл – Назеркенің сіңлісі.

Әрсен – Назгүлдің баласы.

Елдар –Қуаныштың досы.

І

Қуаныш қарапайым отбасында дүниеге келді. Үйдің тұңғыш баласы болғаннан кейін ата – анасы оған адами қасиеттерді бойына сіңіруге тырысты. Бұл тәрбие Қуанышты зерек, ынталы, талапты етіп өсірді. Бала кезінен айналада болып жатқан құбылыстарға таңдана қарайтын. 

Уақыт дейтін жүйрікке тұсау бар ма, әне – міне дегенше Қуаныш та ер жетті. Мектепті үздік бітірді. Болашақтағы мамандығым деп журналистика саласын таңдады. Осы мамандықты таңдаудағы себебінің бірі - әділдікті ту қылып ұстайтын жандар – журналистер  деп түсінетін. Басында бұл таңдауға әкесі қарсылық білдірді. Бірақ анасы ұлының болашағына кедергі болғысы келмей, баласының таңдауына сеніммен қарады. 

Пейілі даладай кең, көңілі мөлдір бұлақтай таза Қуаныш ылғи сүрінгенге сүйеу, әлсізге қорған, жабырқағанның жанынан табылатын. Әрқашанда көмек көрсетуге ұмтылатын. Ия, ол кейде адалдығынан опық жеседе, істеген ісіне еш өкінбейтін. Оқуын талай журналисті қанат қақтырған Алматы қаласындағы Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлтттық Университетінде жалғастырғысы келеді. Кейде оның кеудесінде: «Ауылдың қарапайым баласы Алматыдай алып шаһарда қалай оқиды, оқи аламын ба?»,-деп күдіктенетін. Жүктерін жинап, арман қалаға аттанды. Алматыда  анасының туған сіңлісінен басқа арқа сүйер ешкімі жоқ еді. Ал анасының сіңілісінен отбасы арасындағы кикілжің кесерінен арақатынасы ажыраған болатын. Енді ұлының арманы үшін анасы барлығын ұмытуды жөн санады. 

Алып шаһардан сіңілісінің үйін әрең дегенде тапты. Бұрын тұрған үйін сатып, жаңа үйге көшкен екен. Мекен – жайды үйді сатып алған үй иесінен алды. Есіктің алдына келді. Қоңыраудың түймесін басты. Есіктің арғы жағынан:                                                                                                                           -  «Бұл кім?»,-деді Назгүл.      

- «Бұл мен, апаң Назеркемін»,-деді қобалжыңқыраған дауыспен. Бұлай боларын ойламаған Назгүл не қуанарын, не жыларын білмей тұрып қалды. Сәлден кейін Назгүлдің жылаған даусы естілді. Есікті ашты да, апасының құшағына тұра ұмтылды. Назерке де қаншама жылдар көрмеген сіңілісін көріп, көңілі босады. Бір кезде Назерке: 

- «Мені кешірдің бе?»,-деді. Назгүл ыммен басын изеді. Жиенімен амандасып, танысты. Қуаныш дүние есігін ашқалы бері нағашы апасы туралы ештеңе білмейтін. Үйге кірді. Назерке ауылдан келген сәлем – сауқатын шығарып, шайға отырды. Шай басында Назерке келген шаруасын айтып еді,Назгүл құптады. «Бізде оқысын, біздің үйде жатсын, әрі біздің Әрсенге серік болады» деді. Қай университет, қай факультетті сұрағанда қатты қуанды. Себебі, Әрсенніңде таңдаған мамандығымен сейкес келеді екен. Назгүлдің ұлы да журналистиканы таңдаған екен. Осылай әңгіме қызығымен кеш те батты. Төсек салынып ұйқыға жатпақшы болды. Әрсен әлі жоқ. Назгүл қалта телефонына қоңырау шалып еді, «абонент байланыс аясынан тыс жерде» - деген жауапты ғана естіді. Барлығы алаңдай бастады.  Соңғы кезде бұндай жағдайлар жиі орны алып жүр. Әрсен келмеді. Ал таңертең болса, оқуға қабылдау емтиханы. Қуаныш дұрыс ұйықтай алмады. Ол үшін ертең айтулы күн. 

Таң атты. Таңғы шай ішіліп жатыр. Бір уақытта Әрсен есікті ашып үйге кірді. Танымайтын екі адам мен анасы үстел үстінде  отыр. Ол өз бөлмесіне қарай беттеді. Анасы: «Әрсен, қайда барасың,қонақтармен амандассаңшы»,-деді. «Шаршаған болар, мен жеке барып сөйлесейін»,-деді Назгүл. Назгүлдің не айтқаны белгісіз, әйтеуір бөлмесінен шығып «Сәлеметсіз бе?» - деп Назеркемен суық амандасты да, өз орнына жайғасты. Қуаныш орнынан тұрып өзін таныстырып еді, Әрсен тыңдағысы келмейтіндей сыңай танытты. Қуаныш ыңғайсызданып, орнына отырды. Шай ішіліп болды. Киімдерін киіп, сыртқа шықты. «Әрсен, балам бізді университетке жеткізіп тасташы»,-деді. «Мам, менің жұмыстарым бар»,-деп жауап қайтарды. «Балам, артық шығының кетпес, сен баратын университетке Қуаныш та бармақшы»,-деді. Әрсен іштей: «Жақсы, апарайын мына ауылдан келген туысқан әйтеуір, мен баратын факультетке бармаса болды»,-деді. Көлікке отырды. Қуаныштың жүрегі аттай тулауда. Қанша жыл армандаған оқу орнына келе жатыр. Келді, көліктен түсті. Қуаныштың алдында үлкен зәулім ғимарат. Университетке кіріп, емтихан болатын кабинетке кірді. Әрсен өзімен бірге кабинетке Қуаныштың да кіргенін байқап ашуланды. «Мына ауылбайдың мазағы ма, мынандай университетке қайдағы жоқ ауылдан келгендерді алмайтынын біле ме екен» деп Қуаныштан өзін зор санады. Назерке іштей Алладан тілек тіледі. Емтихан тапсырушылар шығып жатыр, шығып жатыр. Бірақ Қуаныш көрінбейді. Ал Назгүлдің баласы бірінші шыққан еді. Шыққан бойда сыртқа шығып кетті. Түріне қарасаң, тапсыра алмағандай. Қуаныш емтихан тапсырушылардың соңы боп шықты. Өзіне сенімді болды. Анасы баласының көзінен сенімділікті көріп, көп ештеңе сұрамады. Түстен кейін емтихан қортындысы шықты. Қорытындыны білуге Қуаныштың өзі кеткен. Бір кезде келді, көзінде жас. Анасы шошып кетті. «Аллам, ұлымның арманын аяқасты ете көрме» деп жатыр еді. Қуаныш анасын қобалжытқысы келмей, «Мен оқуға түстім» деді. Көзіндегі жас - қуаныш жасы  екен. Ал Назгүл болса Әрсеннің тегін тақтайшадан іздеп әлек, бірақ іздегенін таба алмады.  Осылай барлығы таксимен үйге қайтты. Келсе үйде Әрсен бар екен. Бұлардың келгенін көріп, ол өз бөлмесіне кіріп кетті. Кешкі шай ішіліп болғасын Қуаныш анасын ертіп аулаға шықты. Бұлардың сыртқа кеткенін көрген Әрсен бөлмесінен шықты. Назгүл: «Саған соңғы кездері не болып жүр, балам. Журналист болам дедің. Енді не болды? Ертең құжаттарыңды ақылы бөлімге тапсыр»,-деді. Әрсен анасының сөзіне жеңіл – желпі қарады. Бұны байқаған Назгүл үстелді жұдырықпен ұрып жіберді. Бұндайды күтпеген Әрсен шошып кетті. «Әкең бізді тастап кетті, сол үшін апамен ұрсысып осы қалаға келдім. Күні – түні жұмыс жасадым. Еңбегімді ақтар ұлым бар деп саған сеніп едім. Сенің жасағаның мынау» деп  көзінің жасына ерік берді. Әрсен: «Мам, жақсы мен ертең барып ақылы бөлімге құжаттарымды тапсырам»,-деді де сыртқа шықты. Сыртта отырған Қуаныш пен Назеркеге бір қарап, көлігіне отырып кетіп қалды. Назерке Қуанышқа қарап «Құлыным, сен оқуға түстің, енді мен ауылға қайтайын. Ауылда әкең жалғыз қалды, әрі мал бар»,-деді. Қуаныш іштей анасын ауылға  жібергісі келмеді.Сөйтіп, біраз әңгімелесіп, ішке кірді. Таңертеңгісін пойызға билет алынды. Пойыз кешке. Кеш те болды. Назеркені шығарып салуға Қуаныш пен Назгүл келді. Пойыз жүргелі тұр. Қуаныш анасына «Анашым, мені бар жылы жұмсақпен өсірдіңіз. Мен қиындығы мен қызығы қатар жүретін журналистиканы таңдадым. Мен сіз бен әкемнің үмітін ақтаймын. Ауылға танымал тележурналист болып ораламын. Мені әрқашан теледидардан көріп өзгеге «мынау менің ұлым»,- деп мақтанасың. Осылай болатынына мен уәде беремін», - деді. Анасы баласының маңдайынан мейірлене иіскеді де, пойызға кіріп кетті. Көп кешікпей пойыз да жүрді. Қуаныш пойыздан көз алмай тұрды. Пойыз көз ұшында көрінбей кеткенде  нағашы апасымен үйге қайтты. 

ІІ

Арада бірнеше күндер өтті. Қуаныш анасымен хабарласып ауылға аман – есен жеткенін білді. Қаланың тіршілігіне де үйрене бастағандай. Ертең бірінші қыркүйек. Оның көңілі алабұртып тұрды. Олай болатыны - туған бөлесі Әрсенмен әлі де болсын тіл табыса алмай келе жатқаны. Екеуінің арасы жер мен көктей. Қуаныш ауылдың баласы, ал Әрсен қаланың баласы. Әрсеннің онымен араласпайтынына өзін кінәлайтын. Осылай ойлай Қуаныш таңды да атырды. Әрсен, Қуаныш, Назгүл барлығы таңғы ас үстінде тамақтануда. Тамақ ішіліп болды. Қуаныш киінуге кеткен. Назгүл Әрсенге: «Әрсен, Қуанышты өзіңмен бірге ала кетерсің» деп еді. Әрсен бірден: «Мам, ол ауылдан келген менің достарыммен араласып кете алмайды. Одан да таксимен барсын» деді. Бұл сөздерді Қуаныш естіп тұрды. Естіседе естімегендей болып «Мен таксимен бара берейін»,-деді. Назгүл орынан тұрып: «Онда жолыңа ақша берейін»,-деп еді, Қуаныш: «Жоқ, ақшам бар»,-деп шығып кетті. Аялдамада автобусқа  мініп, университетке келіп түсті. Түскен бойда мерекелік шараға тап болды. Бірінші қыркүйекке арналған салтанатты жиын болатын. Шара біткесін Қуаныш журналистика бөліміне барып еді, қалған студентер де келген екен. Қуаныш басында қысылғанымен, олармен тез тіл табысып кетті. Барлығы жан – жақтан жиылған жалынды жастар. Қуаныш оқудан қиындық көрмеді. Ол үшін кей дүниелер таңсық болғанымен, зеректігінің арқасында  барлығын үйреніп алды. Оны қинаған көк қағаз. Жүріп – тұруға, үйге, өзіне, киімге, қосымша үйірмелерге ақша керек болды. Басында мейрамханаларда даяшы  болып жұмыс жасады. Сабағымен қатар кедергі болып жүргесін жұмысты тастауға тура келді. Бұл арада  Әрсенмен арақатынасы тым нашарлады. Әрсен түймедейді түйедей ететін болды. Бір жолы Қуаныш абайсызда Әрсеннің ноутбугін құлатып алды. Бұл  жағдай Әрсеннің Қуанышты үйден қуып жіберуіне себеп болар еді, бірақ анасы бұған қарсы болды. Осылай уақыт өтіп жатты. Бірде Қуаныш университеттің жарнама қабырғасынан жарияланған бәйгенің шартын көрді. Жеңімпазға радиода жұмыс жасауға мүмкіндік береді екен. Бұл орайлы сәтті пайдаланып осы  жарысқа қатысып, жеңімпаз атанды. Жарысқа көп кісі қатысуға үміткер болатын. Жүлдеден  Әрсен де дәмелі еді. Қайда барса да алдынан Қуаныштың шыға беретініне Әрсеннің ашуы келді. Оқудан шығарып жібере алмаса да, атына  кір келтіретіндей іс жасауға Әрсен ойлана бастады. Ол өзінің  жоспары бойынша Қуанышты қылмыскер жасауға тырысады. Ол тобындағы  қызбен келісіп қыздың әмиянын Қуаныштың сөмкесіне салып қояды. Тәртіп сақшылары келіп мән – жайда анықтағанда әмиян Қуаныштан табылды. Әрсеннің ойлағаны іске асты. Қуаныштың бұлай жасағанына достары сенбегенімен, «Үндемегеннен үйдей пәле шығады» деп, бұның адалдығына күмән келтірді. Бірақ Елдар есімді досы бұндай сандыраққа сенбеді.  Қуанышты ақтап алу үшін дәлел қажет. Қуаныштың біреумен айқайласып немесе жаға жыртысып жүретінін көрмейтін. Күдіктенер адамы Әрсен болатын. Себебі, ол көбінесе Қуанышты жақтыртпайтынын байқайтын. Елдар бұған Әрсеннің қатысы бар деген ойға келіп, оны аңдуға көшті. Әрсеннің әмиян ұрлатқан қызбен кездесуін, оған ақша бергенін бейнекамераға түсіріп, тәртіп сақшыларына көрсетеді. Іске кіріскен тәртіп сақшылары Әрсен мен оның сыйбайласын қолға түсіріп, Қуанышты босатты. Әрсен таныстарымен хабарласып, олардан босатуын сұрады. Көп ұзамай Әрсен мен қасындағы қызды босатты. 

ІІІ

Бұдан кейін бәрі қалпына келе бастағандай болды. Әрсен Қуанышпен татуласуды ұйғарды. Таңертең сабақ болса, түс қайта жұмысы болатын. Айлығын жинақтап ауылға беріп жіберетін. Осылай жүргенде өзіне көмектескен Елдардың сабаққа келмей жүргенін басқайды. Басында мән бермеді. Кейін ата – анасы оқу орнына іздеп келгесін Қуаныш Елдарға бір нәрсе болғанын білді. Оны барлық жерден іздесе де таба алмады. Өзі таба алмағасын құқық қорғау органдарына барады. Алайда, олардан да көмек бола қоймады. Елдарды еш жерден таба алмады. Осылай іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатты. Іздестіру ұзаққа созылды. Айлар өтіп бірінші курсты аяқтайтын уақытта болды. Ауылға қайтуға билет алуға, вокзалға барды. Билет сатып алып, аялдамада автобус күтіп тұрса, жақыннан бір таныс дауыс естіледі. Аялдаманың артына барып қараса, Алматыдан таба алмай жүрген досы алдында тұр. «Елдар, не болды? Сені іздеп таба алмай жүрміз? Қайда жүрсің» деп Қуаныш сұрақтың астына алып еді Елдар болса жауап беруге қашқақтады. Қуаныш оны жақын жердегі мейрамханаға шақырды. Әңгіме барысында Елдар бар мән – жайды айтты. Оған ақша қажет болып, тегіс ағымға түсіп кетіпті. Қуаныш бірден оны ол жолдан шығарып алуды ойлайды. Елдардан олардың телефон номерлерін сұрап хабарласады.  Олар адам ойына кіріп – шықпайтын ақша сұрайды.  Қалай болса да досын пәледен құтқару үшін қанша ақша болсын табуды ойлайды. Ақшаны іздеп жүргенін қайдан біліп қойғаны белгісіз, кешке жұмыстан келе жатырғанда алдынан өсімқорлар шыға келеді. Оған қолайлы бағаны ұсынады және асықпай қайтаруға болатынын баса айтты. Ақша керек болған соң  Қуаныш бірден келісті. Елдармен хабарласып, қажет ақшаны тапқаны туралы хабарлайды. Бірақ Қуаныштың өзінің жоспары бар еді. Ол Ішкі істер министрлігімен хабарласып, мән жайды айтады. Қуаныш кездесуге барғаннан кейін, сол жерге  тәртіп сақшылары баруға келіседі. Алайда Елдардың кісілері уақытты созып алады. Қуаныш тағы бір хабарласқанда келесі жексенбі деп кездесуді белгілейді. Жоспар сәтті аяқталып қылмыскерлерді тұтқынға алады. Жұмыстың сәтті аяқталғанына Қуаныш қуанышты. Елдер екеуі айырылмастай жан достар болып кетеді. Уақыт өтіп ақшаның алғашқы жарнасын төлеу кезегі келеді. Қуаныш өзі сұраған ақшаны толық төлейді. Бірақ, өсімқорлар ақшаны екі есе төлеу керектігін ескертеді. Қуаныш қағаз жүзінде келіспегесін олардың айтқаны дұрыс болатын. Алайда, алда тағы берген мерзімге дейін ақшаны таба алмады. Кешке қосымша үйірмеден келе жатқанда өсімқорлар  Қуанышты қоршап алады. Ақшаны таба алмағасын оны қарумен қорқытуға көшеді. Қуаныш жалғыз өзінің шамасы келмегенімен төбелесуге тура келеді. Осы кезде аяғынан атылады деп тұрғанда оқ Қуаныштың жүрегіне барып тиеді. Оларда бұлай болатынын білмей,  қорыққандарынан оқиға орнынан іздерін суытады. Өсімқорлар сәтсіз аяқталған жоспар туралы белгісіз біреулерге хабарласады. Назгүл қазір келемін деген жиенін күтіп отыр.  Ол ұлы болса жаңа ғана апыл – ғұпыл киініп, сыртқа шығып, көлігін от алдырып,  кетіп қалды. Негізі соңғы Қуаныштың басынан өткен оқиғаның ұйымдасытрушысы Әрсен болатын. Өзінің ақысыз оқуға түсе алмағанына, жұмысқа орналасуға мүмкіндік сертификатты ұта алмай қалғанына, басында болып жатқан қиындықтарға Қуанышты кінәлайтын. «Сол келгелі бері менен береке кетті»,-деп кінәні өзінен көрмей,  Қуанышқа аударатын. Әрсеннің түсінігінде ауылды заман ағымынан қалып қойған деп есептейтін. Ауылға барса, қайтып келе алмайтындай күй кешетін. Ауылдың аңқауын алдауды тағы жоспарлаған. Жоспары басында татуласумен басталып, соңы Қуаныштың қаладан кетуімен аяқталуы керек болатын. Алайда жоспары сәтсіз болды. Елдарды ұрлау оның жоспарының бір бөлгі еді. Қуанышқа өсімқорларды жіберген де Әрсен болатын. Өсімқорлар аяғында Қуаныштың қаладан кетуін талап етуі керек еді. Бәрі керісінше болды. Әрсен оқиға орнына келді. Қуаныштың тамыр соғысы білінбейді. Әрсен тап осы кезде өзін нағыз қылмыскер сезінді. Біреудің баласын емес, өзінің туған бөлесін өлтірді. Ол осы кезде ғана жасаған қателіктерін түсінді. Грантқа оқуға түсе алмауы өзінің кесірінен. Оны соншалықты жек көргенін көз алдына елестеткенде, ақылынан ауысып кете жаздады. Тез арада жедел жәрдемді шақырды. Жедел жәрдем келіп Қуанышты алып кетті. Артынан өз көлігімен Әрсен де  келді. Қуанышты ота жасау бөлмесіне алып кетіпті. Әрсен Қуаныштың тірі қалғанын бар жан - тәнімен қалады. Ол өзінің мамандығына сай әрекет жасамады. Ол Қуаныштың жолын бөгеді. Сол жасаған қылықтары үшін қазір ол өзін жек көріп отыр. Ота ұзаққа созылды. Бір кезде дәрігер шықты. Әрсен: «Жағдайы қалай?»,-деді. Дәрігер: «Ота өте ауыр болды. Алдағы бір тәулікте анық – қанығы анықталады. Жүрегі соқса аман – қалғаны, соқпай қалса қоштасуға дайындалыңыз» деді. Әрсен анасына хабарласып ауруханаға келуін сұрады. Өзі болса, «енді жалғыз амалым - мешітке барып тілек тілеуім»,-деп, сол жаққа қарай кетті. Мешіттен келсе дәрігерлердің барлығы Қуаныш жатқан палатада екен. Әрсен: «Мен қателестім, бірақ маған бір мүмкіндік берілсе қателіктерімді түзеймін»,-деп Аллаға уәде етті. Дәрігер шықты. Басын шайқады. Әрсен болып жатқан оқиғаның не өң, не түс екенін айыра алмай тұрып қалды. Қуаныш енді жоқ, енді жолыңа бөгет болар ешкім жоқ деп ішкі арам ойлары арамдыққа итермелегенімен, ар – ұяты маза бермеді. Тай – құлындай тебісіп бір өспесе де,  Қуаныштың қасиеттерін өзіне үлгі етіп үлгерді. Қаншама ауыр сөздер айтса да, Қуаныш оның бетінен келген емес. Осының өзі сыйластық емес пе?! Ауылда үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге үйрететінін ұқты. Ауыл тәрбиенің тал бесігі екенін жете түсінді. «Кешіріңіз, жас жігіт. Досың аман – есен. Менің басымды шайқаған себебім -осындай ауыр жағдайдан кейін  жүрегі қайтадан соққанына таң қалғаным»,-деді де дәрігер өз жөніне кетті. Әрсен өзіне бір мүмкіндіктің берілгенін түсінді. «Мүмкін жүрегінің соққаны - ештеңеге де қарамай жолдасына көмектескендегі Алланың берген сауабы болар»,-деп іштей ойлады. «Палатаға кіруге бола ма?»,-деп сұрады. «Кіріңіз, тек науқас шаршап қалмасын»,-деді медбике. Әрсен жай аяңдап ішке кірді. «Бөлем, мені кешір» деп жылап жіберді. Қуаныш «кешірдім» - дегендей ым білдірді. Қуаныш жазғы демалысты Әрсен екеуі ауылда өткізуге бел шешті. Әрсеннің бойы біртіндеп ауылға үйрене бастады. 

Жылдар өтті. Қуаныш университеті қызыл дипломмен бітірді. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін журналистиканың қазанында қайнады. Үйленді, ата – анасын Алматыға көшіріп алды. Ал қазір өзі бала кезден армандаған  телеарнаның директоры. 



Бөлісу: