Есімде... 1995 жылдың мамыр айы. Әпкем мен ағам мені әжемнің үйінен алып үйге қарай келе жатқанда, үйдің алдына сары «москвич» тоқтады. (Ол кезде жасым енді 4-ке толған, есімде еміс-еміс «сары москвич» қалыпты). Үшеуміз жүгіріп келдік. Мен «Мама» деп анама қарай асықтым. Анамды көргенде қуанышым қойныма сыймады. Мамамның қолында кішкентай сәби ұйықтап жатты. Маған «ол – сенің сіңлің» деді. Сол кезде санам қабылдамады, кейін жақсы көріп кеттім. Кішкентай кезінде топ-томпақ еді. Сүп-сүйкімді. Өзі батыр. Ешкімнен қорықпайтын. Ойнап отырып, көршінің қызын да жылатты-ау келіп. Мені де аямайтын мықты еді. Қазір күлем. Алайда, сол кезде талай жылағаным бар. Үйдегілер «бір үйдің балалары, ұл да емессіңдер әттең, таяқтың астына алатын» деп ұрсушы еді. Бір сәтке татуласып, қайта төбелесіп кететін балалығымыз ғой, шіркін...
Сен өстің... Балабақшаға барғанда, менің жаныма келіп ұйықтайтынсың. Менсіз ұйықтай алмайтын едің ғой, Лия?!)) Содан әріп таныттым. Үлкенсымақтық қой менікі. Мұғалім болып үйдің алдындағы темір бөшкені ақ бормен сызып тастайтынмын. Сен жазуға, оқуға үйрендің. Бәрінен озық болып, үмітімді ақтадың. Бірінші сыныптан бастап оқыған еңбегінді, он бірінші сыныпта «Алтын белгі» алып ауылымыздың, жо-жоқ ауданымыздың мақтанышына айналып ақтап шықтың.
Бүгін СЕН есейдің. Еліміздің ең беделді, озық университеттерінің бірінде білім алудасың. Қазір жиі көріспейміз. Бұл балалық шақтағы бұзықтығымыз үшін Алланың жіберген сынағы шығар. Екеуміз де ЕКІ АСТанада: Сен – Солтүстік, Мен – Оңтүстік. Осы алшақтық бізді тіптен жақындастырып жіберді. Сағынуды үйрендік.
...Бүгін – мамыр. Он төрті. Сенің туылған күнің... Лия! Ерекше күніңді болмашы естеліктермен толтырып тастаған МЕні кіналасаң да, мейлің. Көңіліне алмашы... Мен тек құттықтағым келді. Балалық шаққа шақырып, ондағы естеліктерге еріксіз жол берген - мына қалам. МЕН емес!
Туған күнің құтты болсын! Саған ең бірінші зоооор денсаулық тілеймін, оқуыңды жақсы тамамдап, аңсаған армандарыңның орындалуын Алла нәсіп етсін. Сені жақсы көремін! ♥♥♥♥♥Қатты сағындым ♥☺♥☺♥♥♥ Алтыным менің!..
Ізгі ниетпен: жан әпкешің)
P.S.: жүректен жүрекке жетсін деген үмітпен... 14 мамыр өтіп кетті. Ал жазба мәңгілік сақталады...