Қайырлы кун, барша Қазақстандықтар!
"Жүректен жүрекке" еріктілер тобы 2013 жылдың сәуір айында құрылғанбыз. Ең алғаш 4 ерікті болып құрылған топ, қазір 70-ке жуық еріктілерімен мақтана алады. Осы уақыт аралығында «керемет» деген нәтижемен аяқтаған, жетім-жетікке, мұқтаж, мүгедек жандарға арнап ұйымдастырылған 10-ға жуық жобамыз бар.
"Жүректен жүрекке" Ақтөбе, Астана, Алматы, Атырау, Жезқазған, Сәтпаев, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Семей қалаларынан жиналған белсенді еріктілерден тұрады.
Біздің қазіргі уақыттағы көздеген мақсатымыз - осы қалалардағы топтың құрамын белсенді жастармен көбейтіп, Қазақстанның түпкір-түпкірінде еріктілерден құрылған топтардың болғанын қалаймыз.
Бірігіп біз, Алланың қалауымен, мұқтаж жандардың тізімін азайтатынымызға сеніміміз мол. Арине, әртүрлі деңгейлі қиындақтар кездеседі, бірақ көмекке мұқтаж адамдарға қолдан келген қолдауды көрсетіп, алғыстарын естігеннен кейін, шынайы қуаныш сезіміне бөленесіз.
Әрбір адамның жүрегі бір жақсылық істеуге құмар. Үлкеннің құрметіне, кішінің ізетіне бөленуді сезу үлкен қуаныш.
Бізбен бірге болыңыз!:)
Біздің топта болыңыз!:)
Толығырақ ақпаратты аймақтық үйлестірушілерден біле аласыз:
Елдос +7 702 232 94 64
Айгерим + 7 702 299 77 22 Аллах баршамызға разы болсын!