Суретті де, тақырыпты да, идеяны да «Ақзере досымнан» алдым )
... «Достарыңның сені қуантқан кездерін тасқа қашап жазып қой – өшпестей сақталсын! Ренжіткен кездерін құмға жазып қой – бірінші соққан толқын шайып кетсін!»
... «Тасқа қашалып жазылған» келесі сөздер осы блог, форум аясында айтылғандардың бірсыпырасы ғана, жеке хабарламада, чатта, агентте, эл.мекен-жай арқылы айтылғандары қаншама?! Мені жақсы көреді екенсіңдер )
Маған қарата және мен жайында айтылған сөздер, қатты мақтанып кеткендей болсам, айып етпеңдер – айтқан өздерің ))) «ЕЛДЕН қарғыс алма, АЛҒЫС АЛ», «ЖҮРЕКТЕ ҚАЛҒАН СӨЗДЕР», «ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС»:
Айгүл Болатханқызы: «))))Тентек қыз болсаң да кімнің қандай шаруасы бар, а?))))))))) Менің де бір басыма жететін тентектігім бар»
Анар Мұстафина: «Жаным, сен де бақытқа лайықтысың!»
Айжан Құлмұханбатова: «Сен онсыз да менен жақсы блоггерсің, соған сен»
Ақерке Әбілхан: «Құрбым-ай, жазбаң жақсы барша бетте!»
Айгерім Сматуллаева: «Сіздің жазбаларыңызды оқып бір дем алып қаламын!» Күйеуі миллионер болатындықтан мені өз есебінен шет елге қыдыруға шақырған «жан подрушкам» ғой )
Айназ Қорғанбаева: «Сіздің пікірлеріңізді сағындым»
Айша Балтахаева: «Кел, бірге «колхозница» болайық!» Негізі, мен онсыз да баяғыдан )))
Ардақ Құлтай: «Саналы қарындасымның болғаны қуантады»
Абзал Сариев: «Айналайын, блог жазудың сырын сары майдай сақтаған Сырдың қызы!»
Айгерім Жаңабай: «Салтанат әпкемнің өтінішін естен шықпасын деп, түйіншекке түйіп, қалтама салдым!»
Ақнұр Бектеміс: «Сауатты!» )
Айжан Табын: «Ути пути сүйкімдісін аааай))))» )))
Арыстан Төрехан: «Сіздей әпкені Алланың өзі жүздестірді!»
Айка қалыңдық: «Өзіңді көріп қуанып қалдым!»
Айнұр Жәлиева: «Өзімнің мекенімнен екенсің ғой)) Қуаныштымын!»
Али Гофрен: «Массагетте жеке постарға рейтинг қойылмаса да, шын көңіліммен +1 бастым деп есептеңіз!» Қазір пікірлерге лайк қоюға болады ғой, Али аға қайда екен )))
Айжан Табарак: «Осы Салтанаттан ешнәрсені жасырып қала алмайсың»
Ақжелең Рахатдин: «Түріңді көрмесем де баяғыдан танитын сияқтымын»
Айдана Ануарбекқызы: «Сөзімен салыстырып отырмын, керемет аударыпсың»
Ақжарқын Қонысбай: «Сізден үлгі алу керек екен, аман болыңыз!»
Абылайхан Есімбай: «Тақырыбың қызықты, креативті екен, Салтанат! Блогты қалай ашқанымды байқамай да қалдым!»
Аяулы Рамазан: «Сырдың Қызын сыр айтуымен де сын айтуымен де ерекше десем артық айтпағаным болар. Жазбаларын көрмей өте алмайсың. Жалпы шынайы өмірде таныссам қарсы болмас ақ ем.»
Әсемгүл Сұлтанғалиева: «Мені жігерлендіріп қойдыңыз, Сізді жақсы көрем!» ( Әсемканың тағы жүрегіңді қытықтап «Салтанат апай» дейтінін қайтерсің )))
Балдәурен Рахым: «Салтанат қыз азды-көпті "таныспыз" ғой, ақылды, ойлана алатын (сонысы ұнайды). Түбінде "бір нәрсе" шығатын қыз, бірақ не екенін білмеймін. )))»
Бигелді Темір: «Егіздің сыңары, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы, айдынның тұнығы, аққудың қанаты ғой ))).»
Бека *******: «Жарайсың, Салтанат! Диманы жақсы тыңдаушы едім, мағынасы осындай екенін білмеппін»
Гүлфайруз Қуанышбаева: «Мен сені қатты сағындым!»
Ғазиза Ұзақ: «Массагеттің төрінде жүрген Салтанаттай сылқымнан айналайын!»
Данагүл Әмір: «Сен бар ғой, Салтанат, сен керемет Ана боласың!»
Еркебұлан Қайрахан: «”комплимент” емес Комплимент. 22 жаста кесек-кесек сөз сөйлеу мақтауға лайық деп ойлаймын»
Фараби Арыстанбеков: «Өлеңнің өң бойынан күй ақты шын, Білерім жақсы қызсың, ұяттысың»
Жанар Карим: «Керемет етіп жазады екенсіз ғой»
Жанат Ахметов: «Еркін, өткір пікір айтатын, бұрынғы аватары күшті қарындасым»
Жансая Тілеулесова: «Мәәә, Салтанат әдемі екенсіз ғой, ана суретті Мейрамбек емес, мен сіз екен деп жүрм ғооо)))» баламысың деген )))
Күміс Мыңбаева: «Қадамыңа гүл бітсін»
Каcпий Меруерті: «Аудармаң ұнап тұр. Отыр, 5!» )
Қайреке Серікұлы: «уау)) қош келдің! төрлет» ) Сәлемдесу блогыма да, анкетама да бірінші пікір жазған адам ғо, ыстыық )
Қыпшақ қызы: «Сенің жазғандарыңнан өзімді көремін»
Қозыбай Құрман: «менде пікір қалдырып қалайын. Салтанат, құдай аузыңа салыпты. "үкінің үлпіліндей" енді бұл сөздің мәнін, мағынасын, парқын сезініп алақаныңмен сипағандай күй кешіп, үлпілдеген Данагүлге үлпілдек пейіліңді арнағаның сезіледі. тамаша!»
Мейрамбек Ермұхамбетұлы: «Сенің мына аударғаның сәтті шыққан»
Мейіргүл Оңғарова: «Салтанаттың да блогын оқитын күн бар екен. Жақсы жаңалық»
Майя Әбубәкір: «Менің ойымдағыны жазасың, осы сенің алыстан адамның ойын оқитын қасиетің жоқ па?» Бар-ау деймін! )))
Мақпал Сембай: «Балапан» )))
Мәулен О.: «Универде оқитын қызға ұқсамайсың» Бірақ, кейін қайтып алды, «Апасың» деді ғой )
Нұрзия Атаева: «Осы қыз күшті жазатын болып жүр»
Нұржан Ақтөбе: «Бұрын страшно ұнайтын ән еді, еске түсіріп жібердің ғой )))»
Назерке Смағұл: «Мәә, осы ризамын сізге бар ғо!)»
Сара Кеңесбай: «Салтажан, сенің қолыңнан бәрі келеді!»
Сания Аринова: «Керемет өлең еді, сіздің нұсқаңызда одан да асты!»
Светлана Қожақұлова: «Бұл сөздердің мағынасын білмесеңіз де жақсы айттыңыз!» )))
Сондай-ақ, Әйіш қыздың «Өміріме немқұрайлы қарамаймын» деген уәдесі, Төребек Мақпалдың тәп-тәуір пікірлері, Аққайыр Жадыраның «Сенемін» деген жазбам жайлы пікірі, Серік Гүлжанның ылғи да ізеттілікпен алғыс айтатыны, бәрі қымбат маған!
Мен мында есімін жазуға ұмытып кеткен адамдардан кешірім сұраймын, ал маған «бірдеңе деуді» ұмытып кеткен адамдарға айтарым: әлі де кеш емес! )))
Осылай, мен сендерді «жүрегіме сақтап алдым», сендер де сұрағандарға «Салта жақсы а так» дей жүріңдер! Қуантқан кезім болса – қуаныштымын, ренжіткен кезім болса – кешіріп, өшіре салыңдар!
Құрметпен: Сырдың Қызы!