Жүрекпен сырласу - Сыр сұхбат алаңы...
блог
Жүрекпен сырласу – сыр сұхбат алаңы....
Сәлем бердік! Бүгінгі жазбаның тақырыбын жүрекпен сырласу бөлімінің жалғасы ретінде ұсынғым келеді... Әрдайым өзіме – өзім сұрақ қойып, өзіме жауап қататын үздіксіз процесс орын алады... =))) Ендеше кеттік...
1) Расында өте қуаныштымын, өзіме-өзім кішігірім сұхбат жүргізіп, өзіме сұрақ-жауап қою арқылы бүкпесіз сырласуға мүмкіндік туғызып отырған «Массагет» порталына алғысым шексіз =))))
2) – Сіз үшін сұхбат жанрының құдіреті неде?
– Меніңше кез келген адам ол өзінше жұмбақ әлем. Ал сұхбат арқылы осы «жұмбақтың» шешімін табуға болады. Мен өзім үшінде жұмбақ адаммын, Абай атамыз неліктен «өзіңді –өзің жатқа біл, жат жаныңнан түңілсін» деп өзіңді-өзің тану жолында сақтандырып өсиет айтты дейсіз? Жалпы адамның өзін-өзі тануы оңайға соқпайтынын жақсы білеміз, өзіңді-өзің тізгіндеп, күнделікті өмірде өзіңмен ой-бөлісе білсең бұл өзіңді тәрбиелеудің үлкен мектебі болмақ...
3) – Өзіңізді бір сөзбен қалай сипаттар едіңіз?
– Жан дүниемнің нәзік қылы шертіліп кеткен сәтте кірпігіме жас үйірілетінін жасырмаймын. Бір қарағанға салқын, суық, әйтсе де, жүрегімнің кілтін тапқан жандарға бауырмалы, жайдары екенімді жасырмаймын... Мен өзіме және өзгеге жоғары талап қоямын...
4) – Мәдениеттілікті арттырудың негізгі құралы кітап туралы не айтар едіңіз?
- Қазіргі таңда қандай кітап болмасын, ол адамды үлкен тәрбие мектебіне шақырады, тұлғаны рухани кемелдендіреді, өзін-өзі танытады... Оқып отырған кітаптың ғажайып саяхатына еніп, оған нақтылы іспен жауап беріп, нәтиже шығара білу керек =)) Қазір біздің жастардың кітапқа деген құлшынысы артып келеді, ол да біз үшін қуантарлық жәйт...
5) Жақында Алматы шахарынан қуантарлық жаңалықтар келіп қалу керек, көңіл күйіңіз қалай? Жалпы қандай сезімдесіз?
- Расында қобалжу үстіндемін, бұл жаңалық менің шығармашылығыма байланысты болмақ =))) Оның үстіне халық қалай қабылдар екен деген ойларда келеді, «сын түзелмей, мін түзелмейді, біткен іске қашанда сыншы көп қой, мақтай салады, немесе керісінше сынай салады. Жалпы шығармашылық істің астарында қыруар еңбектің артқарылатынын бірі білсе, бірі біле бермейді... Ендеше өзіме сәттілік тілеймін ))) Себебі алдын ала әлдене айтқың келмейді, қазақта «арық сөйлеп, семіз шық» дейді ғой, барлығын уақыт көрсетеді...
6) - Қазақ қызына тән тәрбие (биязылық, әсемдік, нәзіктік) жөнінде не айтар едіңіз...
- Әр халықтың өзіне тән ұлттық тәрбиесі бар, сол салт санадан аттамауға тырысады. Біздің халқымыз бойжеткеннің абыройлы ізгілігін, жан сұлулығы мен тән сұлулығын, еңбекқорлығын, ақыл парасатын ең құнды қасиеті деп бағалаған. Сондықтан қыздарымыздың рухын биіктетіп, жанын нәзік, жүрегін мейірімді, ой-түйсігін ұшқыр ғып жастайынан баулуымыз керек.
7) - Өмірлік ұстанымыңыз қандай...
- Уақытты ұтымды пайдалану. Абай атамыздың «өзіңе сен өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап» дегенін үнемі жадымнан шығармаймын, себебі бұл сөздерде шындық жатыр, сондықтан болу керек, жаныма жақын тартамын... екінші Одри Хепперннің Көзің әдемі болсын десең әдемілікті жақсылықты көре біл, ернің әдемі болсын десең әдемі сөйлей біл..., үшінші ұстанымым әлдеқайда қарапайым формула тәріздес: егер бірінші мүмкіндікте мүлт кетсеңіз, екіншісіне жол жоқ деп есептеңіз... Осының барлығы өмірдің қарапайым стереотипынан туған дүниелер...
8) - Кімге еліктейсіз, сізді еріксіз елітетін жан бар ма?
- Осы орайда Абай атамыздың тағы бір сөзі ойға оралады, «болмасаңда ұқсап бақ», мен ешкімге еліктемеймін, оны қажетсінбеймін де өз басым, бірақ айналамдағы адамдардың, жақсысын бойыма, ойыма сіңіріп, жаман қылықтарын ысырып тастаймын, себебі қоғам тәрбие мектебі іспеттес, ендеше қоғамнан алыстауыма менің еш құқығым жоқ...
9) - Адамның рухани, сұлулық сезімдеріне қандай көзқарас қалыптастырдыңыз?
- Адамның сұлулық сезiмдерi олардың өмiрiнде зор рөл атқарады. Әсемдiктi көре, түсiне, жасай бiлу адамның рухани өмiрiн байытады. Сұлулықты танытудың негiзгi құралдары әдебиет және өнер деп білем. Сұлулық тәрбиесiнiң мақсаты тұлғаны көркемдiк пен сұлулықты тани бiлуге, оған баға беруге, күнделiктi өмiрдегi адамның жеке басының эстетикасын, қатынас эстетикасын, үй-жағдай және киiм-кешек эстетикасын қалыптастыру, талғампаздыққа тәрбиелеу және сыртқы мәдениетi мен iшкi дүниесiнiң үйлесiмдiлiгiн қалыптастыру болып табылады. Әсте олардың бəрі адамдардың рухани дүниесінің кəусар көзі болмақ.
10) - Өзіммен сырласқаныма жарты сағаттың уақыты болып қалыпты, оқырманыңызға айтар тілегіңіз...
- Жарасқан жарты сағат уақыттың өзінде, жаңа жұмыла жұмыс істеуге күш жинап алғандай болдым... рақмет сіздерге, Массагет оқырмандарына тілегім, Жұпар ауаның самалындай ашық, сәулелі, күндері көп болғай, көңілдеріне көлеңке түспесін... Рақмет Келесі жүздескенше! Бақытты болыңыздар))))
Көкшетау 2012 жыл