Жүрекпен сырласу... Өзім жайлы...

Жүрекпен сырласу....

Өзім жайлы...

 

         Қазір қызыл іңір ай қараңғысы ұласқан шақ,  мен аспанға қарайлап, жұлдыздардың жымың қаққан сәтін, айлы түннің жарық сәулесін  тамашалап отырмын...  Бұл өте керемет тылсым сезім, табиғаттың құшағында отырып, жұпар ауаны бойыма сіңіріп, қиял-әлемнің ертегісіне сапар шегіп, жүрегімнің түкпіріндегі сан қырлы сұрақтарына жауап іздеуге әлдеқайда кірісіп те кеттім...  Таңмен жаңарған күннің шығысына, өзімнің кейбір сұрақтарыма жауап іздеуге тырысып көрейін...

      ...Мен әрдайым өзімнің айналама әлдеқайда суық қабақ шытып, қатайған керімнің суық келбетіне еніп, өзімді өзгелерден алыстатып алатын сәттерімде кездеседі, соның нәтижесінде сол әрекет айналама кері ықпал етеді, бірақ жүрегімнің кілтін тапқандарға мен әлдеқайда жайдары, бауырмалы екенімді жасырмаймын...  Бұның жауабы : Мен барша жанға тым жұмсақ, тым биязы болып көрінгім келмегендіктен болар, әйтеседе жан дүниеме тереңірек үңілген жандарға мен бәрібір өзімнің қарапайым қалпыммен, көтеріңкі көңіліммен айналамды алдай алмайды екенмін, қарап отырсам, менің суық қабақ танытатын  жасандылық кейпімді, өзімді дұрыс біле бермейтін жандардың бөлігі ғана көреді екен...   Жарайды, солай-ақ болсын, ол жандар менің өмірімде басты рөлдерді ойнамайды, жай ғана жылт еткен мөлдір бұлақтың тамшысындай бір рет көрінетін адамдардың бөлігі,  мен жайында не ойлайтындары мені мазаламауы тиіс...  Бұның қыр сырын психология саласы әлдеқайда менен бұрын зерттеп қойған болатын, адамаралық қарым-қатынас соның нәтижесі...

         ...Айналама зер сала мен өзімнің жүрегіме жақын адамдармен ғана араласқаным абзал, себебі әр адамның ойы бір бөлек, біреуге толыққанды жағып, біреуіне мүлдем жақпайсың, тіптен сенің бала күніңнен жақсы танитын, жан жолдасың болса да уақыт өте келе араласпау-құраласпаудың арқасында жаныңнан алыстап бір қадам шұбар жыланның мазалы кейпіне енеді екен, бірақ бұл өмір, өмір сонысымен шынайы, сенің өмір атты ұзақ жолыңда кімдердің мәңгі бірге жүретіні, кімдердің жай сыртыңнан қалатынын ұлы уақыттың өзі-ақ  шешеді. Сонда кімнің нағыз дос, кімнің дұшпан екенін сол кезде білесін...

        ...Мен арқаның қызымын, бойымда қоңыр қазақтың өзіне тән барша қасиетін ана сүтімен, жусан иісімен, күйдің күмбірімен, жұпар иісті самалдың лебімен бойына дарытқан, талғамым жоғары, көкірегім ояу кейіппен, халқымның тарихын, өнері мен мәдениетін, тұмса тұнық әдебиетін, әдет- ғұрпын, салтын қадірлейтін, «мен қазақпын» дей алатын патриоттардың қатарына жатқызамын, Өзімің шыққан тегімді, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртымды мәңгілік қастерлеп, Өз ұлтыма, Өз еліме, Өз ата-анама, Өз Ата-баба-руыма кір келтірер қадамдарға бармайтыным ақиқат...

 




Бөлісу: