- Жүрегім ?
- ....(үн жоқ)
- Жүрегім ? Неге үндемейсің ? Сөйлеші, үнсіз қалмашы ?
- ..... (үндемеді)
Жайлап қолыммен жүрегімді ұстағанда, бойым мұздап сала берді (жүрек жылап жіберді)..Біраз ойландым..Ақырын ғана жүрегіме құлақ түріп едім, өзінше бірдеңелерді айтып күмбірлеп жатыр екен.Сонда естігенім :
- Сен мені аямайсың. Мені апарып тауға да, тасқа да соқтың. Мені түсінгің келмей ма ? Қашанғы айтам, мен тек 1 ғана адам үшін соғып тұрмын сенің кеудеңде. Егер ол адам жоқ болса, онда мен не үшін босқа соғып тұруым керек. Менің әлім құрыды, шаршадым менде, тозып кеттім ! Сен ақылыңмен бірігіп алып, мені көзіңе де ілгің келмейді, бірақ олай жасауға болмайды ғой... Қашанға дейін оны көргенде тек жанарымен тілдесіп өтіп кете бересің ? Қашанғы дейін бәрімізді алдайсың, айтшы ? Мен сағындым..... Ескертіп қояйын, егер ол жоқ болса, мен босқа уақыт құртпайын...Тағы айтарым.....
- Түшщ ! Тоқташы..! Тыңдашы, мен не істейін енді ? Көрмейсің бе, оның жанында басқа бойтұмары бар емес пе ? Маған да оңай дейсің бе өз көзмоншағымды басқаның кеудесіне қадап қою ? Менде шаршадым, жетім жүректі әрі сүйреп, бері сүйреп.. Бірақ, менде саған ескертемін, шыдауымыз керек !!!! Біз мықтымыз ғой ! Қорықпа, сені ешкімге бермеймін...Біз оған уәде бердік қой, ақырғы деміміз қалғанша қайыспайтын қара жерше сүйеміз дедік қой ! Ендеше, уәде де тұру керек. Ол келеді, мен сенемін ! Өтінемін, сенде бір ғажайыптың боларына сенші...! Сенен ұяламын, сенің алдыңда өзімді кінәлі сезінемін! Ол жоқ болса, босқа уақыт құртпайын деп мені қорқытуыңды қойшы! Мен өмір сүргім келеді. Сен маған көмектесесің ғой, иә ??
Жүрек сәл ойланып....
- Тырысамын ! Тек бәрі бекер болмаса екен !....