Жүрекке түскен алғашқы жара...

Жүрекке түскен алғашқы жара...
жеке
блог

          Шамамен ақпан аяғының орта кезі болу керек.Ол анасымен   қаладағы туыстарының тойына келген болатын.Сабақ уақытысы еді,алайда үйдегі әкесі ішімдік ішіп жатқаннан кейін анасының артынан қалғысы келмей қалаға қарай жол тартты. «Шіркін,сол шайтанның суына құмар болмай отбасымен бірге жүрсе болмас па еді?»  деген ой оны діттеген жеріне жеткенше толғандырып келген болатын.Анасы да көңілсіз.Ішінде бір мұң бар. «Ата –анамнан да мейірім көрмедім, тіпті болмаса неге таңдаған жарым жылулық сыйламайды екен?»  деп анда-санда ішіндегі өкпе-назын қызына айтып жүретін.Қыз бала анаға жақын ғой. Одан басқа кіммен бөліссін.

            Қатты шыққан музыка,жақын туыстардың ортасы,тамаша көңіл күй анасы екеуіне мүлде әсер етпеді.Себебі есіл дерттері өз шаңырақтарында.  Араларына әкелерінің жетіспей тұрғандығына қатты қынжылады.Тойдың болғанынан боладысы қызық  деп жүріп ол да өз мәресіне жетті –ау.Анасының қалада біраз күндік шаруалары шығып қалғандықтан: «сабақтан босқа қалма,қызым»,- деп ауылға күнделікті қатынайтын көліктен салып жіберген болатын.Өз үйі өлең төсегі болса да аяғы біртүрлі тартпайды.Себебі,береке жоқ.Ішімдік бар жерде береке қайдан болсын?!  Күн ұясына толық батып кеткен кез болатын.Үй ішіне кірсе,тамақтанатын бөлмеде әкесі отыр екен жанында тағы бір ер кісі бар.Әдеттегі тірлігіне салып отырған жайы бар.  «Сәлеметсіздер ме!» деп  амандасып,арғы бөлмеге қарай аяңдады.Жолдан келген заттарын жинастырып,ас бөлмеге барса жуылмаған ыдыстар,шашылып жатқан бөтелкелер мен қоқыстар көзге бірден көрінді.Жайлап жинастыруға кіріскен еді әкесіне іштей қатты ренжіп,көзіне еріксіз жас келді.Білдірмеуге тырысты.Ішіне жасырғысы келді алайда болмады.Көзінің жасын сүртіп,өксігін жайлап басып жатыр еді арға бөлмеден ішімдікке тойып алған әкесі  келіп бетіне тесіле қарап тұрды да: « Неге жылап тұрсың?»  деп сұрады .Жауап жоқ.Қорқып тұрған секілді.Алайда неге екенін түсінбейді.Бір кезде әкенің үлкен алақаны бетіне қалай қатты тигенін аңғармай да қалды.Нәзік бетке тиген шапалақ жұқа еріннің тұсын қанатып жіберді.Қолын аузының тұсына апарып ед і  алақанына жағылған қызыл қан шошытып жіберді.Әке қолынан еш себепсіз алған шапалағына іші өртеніп,ызаланып барады.Бір жағынан қорыққаны бар аяғына аяқ киімін де кимеген бойы шұлықпен жалаң аяқ далаға ытқып шықты.Бұл оның өміріндегі бетіне емес жүрегіне түскен алғашқы жара болатын.

           Кез келген ер азамат отбасының тірегі,қамқоршысы екенін ұмытпаса екен.