Жүрек сыры

Айта алмаймын жүрек сырын жеткізіп,

Қалдырғандай сол сыр мәңгі бір сызық.

Айта алмаймын оны тілден өткізіп,

Кім білген дүние толы көп қызық!

 

Айтпас сырды ұқтың-ау деймін өзің де

Үндемейсің, үн қатпайсың сен неге?!

Сенен сезем сол лебізді мен кейде,

Еркіндік жоқ, алайда, бұл сезімге...



Бөлісу: