Жүрек күнделігі

Жүрек күнделігі
жеке
блог

Мен əркез оны ойлаймын... Таң арайлап атқаннан, кеш қарайып тəтті ұйқыға кеткенше... Кейде мен оны түсімде көремін. Иə, кейде жайсыз... Дегенмен жақсылыққа жоримын барлығын...  Өмірімде ессіз сүйер адамым боларын, ал сол адам өмірімді күрт өзгертерін бұрын ойлап па ем?!. Жоқ. Үш ұйықтасам да түсіме кірмеген себебі. Ол-менің өмірімдегі басты адам. Менің өмір кітабымның ең басты кейіпкері. Қорғанышым, сүйенерім, ең қымбат  бағалы бақытым. Мені шаттыққа бөлер асыл адам. Сезімге ерік бергелі мен бақыттың құшағында шалқып жүрмін... Ал ол дəл осындай тəтті болар ма еді?!.