Жүрек жырларым(поэзия)
блог
Сен бәрінен артықсың!
Жас жүрегің бүгін сенің жаралы
Түсінеді бұл күйіңді саналы
Хиджаб киіп шығып едің көшеге
Барлығы да жақтырмастан қарады
Бұйрығына тіл тигізіп Алланың
Дәстүріне арабтардың балады
Ал біреулер саусақтарын шошайтып
Бахабис деп жауып жатыр жалыны
Кейбір жандар тыжырайтып түрлерін
Тіліменен тілгісі кеп барады
Жас толумен жанарыңа бір пәсте
Іздедің бе қамқор болар пананы.
Жыламашы, көзіңнен жас тамдырма
Риза болшы әрдайым да тағдырға
Бұл да Алланың бір сынағы берілген
Сабыр етсең бөленеді жан нұрға.
(жыламашы көзіңнен жас тамдырма)
Сөге берсін қоя берші үндеме
Сабыр сақтап, оларды еш тілдеме
Дұға да сен жасамашы өтінем
Ия, Аллаһым қыла гөр деп бірдеңе.
(сөге берсін қоя берші үндеме)
Күле берсін сабыр етші мазаққа
Ұқсамайсың дей берсінші қазаққа
Киюің шарт ол хиджабты білесің
Жанбас үшін шайтандармен тозақта.
Айтып жатқан сөздерімді ескергін,
Белгілі ғой бал иманмен өскенің
Миллион есе сен артықсың қыздардан
Жалтыратқан сандары мен төстерін.
Арулықты, төмендеткен ерсі еткен
Ұятты жерін ұялмастан көрсеткен
Қыздар бар ғой таныстығын жігітпен
Ойланбастан бастатұғұн төсектен.
Сен олардан ерекшесің дарасың
Елемегін ешкімнің көзқарасын
Алла әділ, Қиямен күн болғанда
Өз ақыңды есесімен аласың.
Орындадың бір Алланың қалауын
Бақыттыға керек шығар балауым
Хиджаб киіп жүре берші әрдайым
Исламның желбіретіп жалауын.
Жәннатты аңсағын ару!
Арнайм саған тыңда қалқам жырымды
Бүгін санаң ақиқатты ұғынды
Сен қуаншы, бүгін сенің жүрегің
Ата дінің Исламға бұрылды
Бұрындары көп қыздардың бірі едің
Білек, балтыр, кіндік ашық, бұрымды
Талай жігіт ерген еді сояңыңнан
Зәру болып бір көруге түріңді
Күнәменен өткізгенсің білесің
Өзге еркекті қаратумен күніңді
Болмышыны ойлауменен сол шақта
Арнағансың қиялдарға түніңді
Талай жігіт хабарласып өзіңе
Ләззат алған бәлкім естіп үніңді
Бүгін міне лас қылықтар мәңгіге
Жойылумен надандығың сүрінді
Лүпіл қаққан ақ жүрегің мінекей
Имандылар қатарына ілінді
Кешіріліп, ғафу болып күнәлар
Ару болдың ибалы да білімді
Нәпсің міне лас істерден тыйылды
Сен өзгерттің әуреті ашық киімді
Нұр сүреге амал еттің, денеңе
Ұзын көйлек жарасумен киілді
Жүзің, қолың көрінеді тек қана
Дәл осыны Құранда Алла бұйырды
Көзің нұр боп, шуақ шашып дидарың
Нәзік жүрек тек Аллаға сыйынды
Қуанғанда шүкір етіп әрдайым
Сабырменен жеңіп жүрсің қиынды
Пайғамбардың ағасында болмаған
Иман балы қалқам саған бұйырды.
Сүйген құлы болдың ботам Алланың
Ұқтың анық дүниенің жалғанын
Жалын отқа түспесем деп тек қана
Жәннат болды сенің асқар арманың
Білегіңе жеткізсінші бір Аллам
Шайтандармен тозақ отта жанбағын
Сауапты іспен бітіп сенің кештерің
Тахаджутпен атылсыншы таңдарың
Деп тілеймін Жәннат баққа кіргенде
Бірге болсын бала-шаға, жан жарың!
Елші…
Жүректегі тілегім, дұғам
Болса шіркін мінезім Құран
Еліктеймін я РасулАллаһ
Бір өзіңе келтірмей күмән!
Бір пәске де шайқалмай арман
Өтіп кеткен байқалмай жалған
Үмметің көп я РасулАллаһ
Өзіңе алғыс айталмай қалған!
Ғұмыр кешіп төзіммен бірге
Алыс кетпей сөзіңнен мүлде
Жәннат бақта көрші боп тұрсам
Деп тілеймін өзіңмен бірге.
Біреуге…
Жалын жассың, қайраттысың, талмайсың
Жігерлісің, мақсатыңа самғайсың
Қатты айтты деп ренжімегін бірақ сен
Өмір жайлы еш ойлана алмайсың.
Жұрттың бәрі жасап жүр ғой деуменен
Пайдаң үшін адамдарды алдайсың
Адамдықтың кемесінде болсаң да
Жақсылықтың теңізінен шалғайсың
Момын жанға күш көрсетіп өзіңше
Тапқандарын жалмауыздай жалмайсың
Өзгелердің несібесін сыпырып
Қызық қуып дүниені шарлайсың
Данадай боп көрінгің кеп өзгеге
Бос сөйлейсің, өтірікті сарнайсың
Құдаменен сыйласысың барысып
Ал Алланың үйіне бір бармайсың.
Шетелдердің кітабына қанықсың
Ал Құранды еш оқи да алмайсың.
Биікпін деп даңдайсисың, расында
Жемісі жоқ қурап біткен талдайсың.
Ойланшы сәл кімге өзі ұқсайсың
Еш бағытсыз қанат қаққан құстайсың
Тек биікте болғың келед үнемі
Биігің сол қырдан асып ұшпайсың.
Жылы қылып көрсетесің жүзіңді
Сен расында аязды бір қыстайсың.
Ащы айтамын бейшарасың, қи денең
Есектейсің көп кітапты сүйреген
Қаншама рет тасқа басың тисе де
Алланы ойлап сәждеге бір тимеген.
Шегірткедей шиқылдайсың ертең сен
Қыс азығын жаз айында үймеген
Ақылыңды тұманбасқан қап-қара
Көздеріңді матап қойған күйбелең.
Өзіңше бір шуақ шашқан арайсың
Өзгелерге менсінбестен қарайсың
Беделдіні құрметтейсің аға деп
Ал қалғанын сыйсыздарға балайсың
Көкірек боп ісінесің өзіңше
Деген сөзді естігенде –« жарайсың»!
Мен айтайын басып тұрып өзіңе
Сен нәпсіге құлақ кесті малайсың.
Тас лақтырып айдынына тұнықтың
Күнәларға, лас істерге құнықтың
Тамшы судан көркем қылған өзіңді
Жаратушы хақ Иеңді ұмыттың.
Ертеңіңді ойламастан бір сәтке
Жүрсің әлі ішінде сен былықтың
Жамандықтың жазасы бар деп айтса
Аттанасың мекеніне күдіктің
Орақ болған тіліңменен бір пәсте
Кесіп жатсың асыл жібін үміттің.
Жақсы істердің арасынан табылмай
Ортасында отырасың бүліктің
Жарайды…
Тыңдамағын, дәл осылай жүребер
Ісіңе харам рахаттанып күле бер
Жаратқанның заңдарына бағынбай
Өміріңді өзіңше бір сүре бер
Бірнәрсені қадап айтам ұмытпа
Сендей жанға азап барын біле бер!!
Біз қазақпыз…
Біз қазақпыз намысты еш бермеген
Бәйге болса тұлпарларды ерлеген
Біз қазақпыз сонау атам заманнан
Туы құлап жеңілуді білмеген.
Біз қазақпыз жарқыраған таңдағы
Көз тартатын шолпандайын сөнбеген.
Біз қазақпыз бірлігі мол бауырмал
Тас жүректік қауіпі еш төнбеген.
Біз қазақпыз шындық үшін шырылдар
Ақындары табылатын көмбеден.
Біз қазақпыз «құт» деп сыйлап қонағын
Сый сияпат көрсететін көрмеген.
Біз қазақпыз батырлықта үлгі алар
Түкті жүрек Абылайдай ерлерден.
Біз қазақпыз ақындықта үлгі алар
Абайға адам жоқ деумен тең келген.
Біз қазақпыз тыңдап өскен әжені
Ақылдары жүректерге дем берген.
Біз қазақпыз қариялар сөзінен
Надандығы біржолата емделген.
Біз қазақпыз көршілермен татумыз
Бөліп жармай барлығын да тең көрген
Біз қазақпыз саясаткер о бастан
Тату тұрар көрші жатқан елдермен
Біз қазақпыз терең жайған тамырын
Қазақтықтың бағалай біл қадірін
Дінін ұстан, тілін білгін ұлтыңның
Қазақпын деп айту үшін әрбірің.
Шала қазақ болып кетпе өтінем
Құндылықты құртпашы шетінен
Әдет-ғұрып, салт дәстүрі ұлтыңның
Күйде болсын жүрегіңе бекіген.
Ақ – Азияда
Мәртебелі туды бізге ғажап күн
Белгісіндей алғырлықтың, азаттың
Азияда ойындары жетінші
Өтіп жатыр топрағында қазақтың
Көрмейін деп қазақ елін жырадын
Бір Алладан ел бақытын сұраған
Кеше ғана САММИТ жасап, ал бүгін
Азияда өткізуде Нұр ағам
Биік белес бағындырдық бүгінде
Күлім күліп жадырап тұр көгімде
Қаймана қазағымның бағы үшін
Келгендейін Нұр ағамыз өмірге
Барлығы да бір Алланың қалауы
Желбіресін көкте қазақ жалауы
Ел басының себебімен мінекей
Қазақияда Азияда алауы
Спортшылар ақ үмітті ақтасын
Жанкүйерлер жүрегімен жақтасын
Тілектес боп қариялар әжелер
Бата берсін бейғамдықпен жатпасын
Сөз бұрымын тілекпенен өрейін
Спортшыларды тек биіктен көрейін
Барлығы да алтын алып, жадырап
Асқақтатсын қазағымның мерейін.
Мұқағали мәңгі жасайд қазақпен!
Болмаса егер ақиқаттан бөтені
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы данаменен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.
Жырыменен жүректерді тербеген
Жан жарасын талайлардың емдеген
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мақатеав сынды ақындар кемде кем.
Тас атқанды қараламай ақ көрген
Жалғандықты өлеңімен қақ бөлген
Шындық үшін шырылда деп Мұқаңа
Талаппен қоса Құдай бақ берген.
Жүзеге асып Жаратқанның жарлығы
Ақтарылды өлең жырдың сандығы
Жыр жазуды үйренуде Мұқаңнан
Жаңа ғасыр ақынының барлығы.
Дей алмайтын, – тамашасы аз әттең.
Өлеңдері көмерілген ғажаппен
Басқаларды айталмаймын, бірақта
Мұқағали мәңгі жасайд қазақпен!
Мұсылмандарға хат.
Құбыжық боп асыл дін көрінуде
Мұсылмандар сан дінге бөлінуде
Пайғамбар салып кеткен сара жолдың
Абыройы айрандай төгілуде.
Себебі оның – мұсылман надан болды
Сауаптарға баспайды қадамды оңды
Жүректері тартысқа бейімделіп
Таңдап жатыр фитналы жаман жолды.
Шақ қалдық ау дұшпанға жеңілуге
Бірлігіміз жіптейін сөгілуде
Түк білмейтін білімдінің кесірінен
Екі достың арасы бөлінуде.
Болашақ бұлыңғыр боп көрінеді
Қашан бізге мұндай жай төніп еді
Бөлінгеннің мінекей себебінен
Талап жатыр дұшпанның бөрілері.
Қазақ халқы иманмен өскен еді
Аталы сөз самайдан ескен еді
Ал бүгінде қазақтар шыны керек
Алланың ақ үйінен сескенеді.
Қайтсін енді, айқай шу толып жатыр
Бөлінудің науқаны болып жатыр
Мұсылманның ақыреттік бидайларын
Шайтан көзді бақырайтып орып жатыр.
Тұтанудың керегі не жаналмасақ
Мұсылман боп жарқырап қала алмасақ
Пайда жоқ қой жік-жікке бөлінуден
Жөн болар бұл қылықты тәмамдасақ.
Бөлінуден ертерек емделейік
Саны артып мұсылманның кеңденейік
Бұзылдық қой Мұхаммедтің үмметтері
Ақырзаман келмей тұрып жөнделейік!!!
Қара шаңыраққа қайтайық
Тағы айтайын, мұң қайғым жетіп жатыр.
Ел тағдары кеудемнен өтіп жатыр
Ұлдарменен қаракөз қыздарымыз
Секеңдеген сектаға өтіп жатыр.
Ал біз болсақ, дұшпанбыз өзімізбен
Тартысамыз от шашып көзімізбен
Қауіп мықты. Ұмыттық бауырлықты
Байқалмайды жылулық сөзімізден.
(Береке ұшып кеткен бе өзі бізден?)
Деп айтамыз: Сен біттің. Адасқансың.
Мұсылман боп жаманға жанасқансың
Себебінен осындай бос сөздердің
Деген шығар «бірлік» бізге қараспаспын.
Өз нәпсісін бүліктен тыйған бар ма?
Тыймаймыз деп әлде жұрт ұйғарған ба?
Өзінше бір дана боп кей мұсылман
Қарсы шығып жатады имамдарға.
Ірге мықты, бірақта, баған бостай
Бір біріне көрініп жаман достай
Жақтырмастан мұсылман мұсылманды
Өтіп жатыр қасынан амандаспай.
Ақиқатты халайық айқындашы.
Мұсылмандық осы ма айтыңдаршы?
Әр жаққа өзінше бір отау тікпей
Қазақтар! Қара шаңрққа қайтыңдашы!
Бүліктерді анықтап білейікші.
«Бауыр» болып баршамыз жүрейікші.
«Береке мен бірліктен айырма» – деп,
Жаратқаннан жалынып тілейікші
Алла берген ғұмырды уа халайық!
Бір мазхабтың аясында сүрейікші.
Нұр ағамды қолдайық (Сайлауға)
Қазақ елін көрмейін деп жырадан,
Бір Алладан ел бақытын сұраған.
Саммит жасап, Азияда өткізіп,
Тер төгуде халқы үшін Нұр ағам.
Биік белес бағындырды бүгінде,
Күнім күліп жадырап тұр көгімде.
Берекелі қазағымның қамы үшін,
Келгендейін Нұр ағамыз өмірге.
Борышы көп ел алдында өтелген
Халық жүгін жалғыз өзі көтерген.
Туған жердің топрағын аңсаған,
Алып келді қандастарды шетелден.
Түспесі анық ел алдында беделі,
Терезені өзге елдермен теңеді.
«Басты байлық – бірлікте» деп Нұр ағам,
Қазақияны тату ұстап келеді.
Саясатты түбегейлі меңгерген,
Жан жоқ әлі Нұр ағаға тең келген,
Елбасының даналығы себепті,
Соғыс бұлты жерімізге төнбеген.
Еңбегі көп, емес бізге ол ғайып,
Сыйлығына «сый қайтармас» болмайық,
Дауыс беріп Сәуірдегі сайлауда,
Барлығымыз патшамызды қолдайық.
Игі іске шақырамын жалпыңды,
Қолда барда қадірлеңдер алтынды,
Дауысымызды Нұр ағаға берейік,
Сездіртпеген соғыс аты салқынды.
Өзге жанды сайлаймын деп тағы да,
Балта шаппа ей, қазағым бағыңа,
Нұр ағамыз Әбішұлы қайтадан,
Патша болып отырсын өз тағына.
Шеберді шебер дегенше…
Қазықтайын тауға қара қағылған.
Күнге қара нұры көзге шағылған.
Сыңғыр үні жанға ләззат беретін,
Суға қара сай-саламен ағылған.
Құсқа қара әсем үнмен сайраған.
Дархан дала көз тоймастай жайнаған.
Жан-жануар жәндігі де бәрі әсем
Тұнып тұрған ғажап сурет айналаң.
Бұлтқа қара ақ жаңбыры себілген.
Бауға қара жемістері төгілген.
Сан құбылған сәнді түсі көз арбар,
Көкке қара кемпір қосақ керілген.
Гүлге қара қонып ара бал алған,
Түнге қара кереметі сан алуан,
Ай-жұлдыздың ақ сәулелі жарығы.
Ғаламат ол жалықпайтын қараудан.
Әсем бәрі, керемет қой сөз жетпес,
Ешбір пенде ахау тауып сөз етпес,
Бір Алланың шеберлігі ғажайып,
Тамсануды бітіретін кез жетпес.
Алла шебер ешкімнің жоқ таласы,
Сенбесең сен айналаңа қарашы,
Кім жаратты онда мұның барлығын,
Кімнің жетеді жаратуға шамасы,
(Алла шебер ешкімнің жоқ таласы).
Жүректің емшісі…
Ақиқаттың ақ жібі сөгілгенде,
Тарағанда надандық өңірлерге
Кіп кішке қыздары арабтардың,
Қара жерге тірідей көмілгенде.
Лас бұттарға адамдар табынғанда,
Хақты ұмытып нәжіске ағылғанда,
Бұл жалғанда не үшін жүргендерін,
Ойламастан жолынан жаңылғанда.
Сыйластық пен мейірім тоқталғанда,
Өлгендері шыңғырып жоқталғанда,
Бауырлықты ұмытып біртуғандар,
Өлтіруге бір бірін оқталғанда.
Ата ананың қадірі кеткен кезде,
Абыройын пәк қыздар төккен кезде,
Үзілумен туыстық қатынастар,
Биік шыңға надандық жеткен кезде.
Харам аспен толтырып ішін пенде,
Сусындайын шараптар ішілгенде
Надандықты биікке шығарғандар,
Адамдықты тағынан түсіргенде.
Санадағы сейілтер түнегіңді
Өнегелі өмірі түгел үлгі.
Жүректерге таптырмас емші болып,
Жер бетіне ең соңғы елші болып,
Пайғамбарым Мұхаммед жіберілді
Тілегім бар…
Отбасы – ол қос аққудың мекені
Ол айдынға қондырмағын бөтенді
Өзің тапқан аппағыңды жан досым
Аялаумен мәпелеумен өт енді.
Мұңайтпағын, жымитып жүр үнемі
Мұң-қайғының жымию ғой бір емі
Мүмкін болса еш уақытта ұрыспа
Нәзік болад қыз балдардың жүрегі
Жылы сөйлеп берекеге өрлегін
Қатта сөйлеп қара бұлттай төнбегін
Сүйгеніңнің жүрегінде жарқыра
Бір сәтке де асыл досым сөнбегін
Ренжітпегін, ренжімегін өзің де
Уәде берсең тұра білгін сөзіңде
Қарағанда қабағыңды шытпағын
Ақ сезім мен мейрім тұрсын көзіңде
Білемін ғой сендер жақсы теңсіңдер
Дархансыңдар, даламыздай кесіңдер
Тәкаппарлық алыс кеткен сендерден
Емессіңдер пенделерді менсінбер.
Тойда айтам тілегімнің қалғанын
Ал қазірше мынау менің арманым
Мен өзіңдей болсам деймін жан досым
Ал, сүйгеніңе ұқсаса екен жан жарым.
«Валентинка»
«Валентинка» – мереке емес ол маған
Ол мереке қазақтарда болмаған
Хақ Исламға бекем болған бабадан
Кім бар екен осы күнді қолдаған .
«Ғашықтардың күні ғой» – деп айтасың
Кем ақылды жан екенсің сорланған
Сәл ойланшы маңайыңа қарашы
Жандар қанша осы күні қорланған
Осы күні жігіттерден алданып
Саны артады қыздардың да зорланған
Алла тыйған ішімдіктер ішіліп
Он төртіне лас күнәлар мол болған
Біз қазақпыз, мұсылманбыз ежелден
Күнә көрсе ашуланып долданған
Пайдасы жоқ мерекелер бізге жат
Қандай зиян берсем деумен толғанған
Ораза айт бар, Құрбан айт бар мереке
Бабалардың тойлағаны сол болған
Ата жолдан адаспашы өтінем
Тағылымды өнегелер мол болған
«Валентинка» құтты болсын демеші
Қажет емес «СМС» те жолданған.
Берік СҰЛТАНОВ