Жүрек дүрсілі
блог
Поэзияда айтылатын “Жүрек дүрсілі”-деген теңеуді ғалымдар тек қана элементтер мен бөлшектерге бөліп зерттеген. Барлық лириканы алып тастап, олар жұдырықтай, салмағы 300 грам тартатын жүректі портотивтік үш сатылы помпа деп пәтуә береді.
Жүрек- клапандар мен бұлшық еттердің күшімен қан айдайтын биологиялық насос ғана. Жүректің автоматты түрде жұмыс жасауы – күні бүгінге дейін құпия құбылыс, бірінші импульстің қайдан , қалай пайда болатыны түсініксіз. Жауап жоқ. Жауаптың қажеті бар ма?
Жүрек циклді түрде жұмыс істейді. Оның бір ғана қағысы бір секундтқа жетпейді. Бірақ осы қас қағым сәттің ішінде жүрек кішірейіп те дем алып та үлгереді. Оның дем алысы ұзағырақ созылады. Бұл теңдесі жоқ насос әртүрлі режимдарда бірнеше жылдар бойы жұмыс жасап тұра береді. Шешімі өзінен өзі сұранып тұр. Жұмыс жаса бірақ жұмыс жасаған уақытыңнан демалған уақытың ұзағырақ болсын. Жүрек бір минутта 65-75 мәртеге жиырылады.