Жүрек дерті...

Жүрек дерті...
жеке
блог

      Мен сені шексіз сүйдім деп айта алман... Ұнатқаным әсте жалған емес, енді келіп ұмыфтам деп жатқаным жоқ. Сен айтқандай сүйгеніміз үшін ешкім айыпты емес. Кінәлі болса ол тек мен ғана... Сүйе алмадым, сүйе алармын деп ойладым. Ақымақтық қой таза. Жүрегіме әмір бергім келді. Сендік жанардан тамған тамшыны шаттық тамшысына айналдырғым келді. Сені жат жанның құшағынан емес, өзімнің жанымнан көргім келді. Жыласаң жұбатқым келді. Мен ғана айыптымын. Сезімнің жалынына жаны күйген жанды емдегім келді... Кешір, сендік жүректі одан әрі дертті еттім. Кешір мені)!  Сендік жүректі оташыдай оталап, жанына дерт тарту еттім. Сен сөкпедің. Кешіріммен қарап, ессіздікпен есімді алдың. Маған бар мейірімді тарту етсеңде, ақысына ештеме сұрамадың. Кешір мені ақымағым!