Жүрек
жеке
блог
блог
Жүрек
Өмірге келеді сәбилер,пәк жүрекпен,
Өзі кіші,жүрегі үлкен тазалықпен.
Жылдар өтеді,үлкейіп есейеді,
Бірақ жүрек кішірейіп қалады екен.
Кішірейіп қалатыны ол жүректің,
Кесірінен болған,қасиетсіз тілектің.
Мейірімсіз болған ей адамдар,
Өз қолыңмен жүрегіңе дәрі ектің.
Адамдарға қараймында,таңқаламын,
Жүрегі жоқтай,сезбейді жан талабын.
Ал кездестірсем мейірімді адамдарды,
Жүрегім күліп,құшақтап қуанамын.
Кейде аяусыз жануарға жолығамын,
Түсінемін өмірінің қараларын.
Қарағанда мөп-мөлдір таза жүрек,
Ойлайдығой адамдардың шын ұғарын.
Бірақ ұқпайды екен адамдар жараларын,
Сезбейді екен,жүрегінің таза нәрін.
Кет ары деп,қасына жолатпайды,
Мейірімді жүректің,үлкен жанын.
Түсінейік жүректің шапағатын.
Әлемге нұрын шашып тарататын,
Қасиетті болайық ей адамдар
Түсінейік жүрекпен таң атарын.