Жүрегіңіз бос па?
блог
Сәлем массагеттің кілең жақсылары! Сәлем-сауқатсыз жазба қалдырып жүргеніме біршама уақыт болды... Жағымды жаңалық пен жақсы посттардан қол үзіп жүргем жоқ... Жақында өзімнің жақсы жаңалықтарыммен бөлісетін боламын... Шын айтам))) Ал мен "шын айтсам" шынайы жазба күтіңіздер!
Ал бүгін не айтсам екен? Болмаса кім туралы сөз қозғағаным жөн? Осы-ақ бас-аяғы жоқ "біреудің" аяғын жерге тигізбеуге шебер екен деп ойласаңыз, расымен солай... Мен өзі біреуді жамандаудан азыншы орын алмауым мүмкін, бірақ жақсының жақсылығын тізуге келгенде тым шебермін... Қайтейін, Құдай көз берген соң, дұрысынан көрсем екен дейді екенсің... Болмаса солардың бір астыма ат, басыма кепкі кигізіп жүргені шамалы... Енді ақыл айтатындардың көптігі - менің бағым... Дүние беретіндер емес, сөз сыйлайтындарға сыйлы болсам, онда менен асқан бақытты жан болмасы хақиқат!
Менде мынадай жақсы қасиет бар... Жаманы да осы... Кімнің қай сөзі ұнап қалса, жүрегіме емес, жөрналыма жазып аламын... Байлық басқа отырған заманда, ақылға ауырлау, тоғытқанмен тосып отырған жүректің сиқы самарқау... Сонымен тақпақшылықтың кімнен жұққанын таппай, зерттеп жүргенімде, осы қасиетімнің қанымда болғанына қанықтым... Әкем десем сіздер сенулеріңіз мүмкін, мен сенбеймін... Йә, оның ұстазды кітаптан іздеуге басы артық уақыты болды деп ойламаймын... Ал анамда ертеректе болған екен... Ал бастап келіп жіберейін, түртіп отырыңыздар... (Жүрегіңізде орын бар-жоғына байланысты енді...)Сыйса, тұп-тура жүрекке жазыңыз!
- Адамның көркін сүйме, өзін сүй!
- Өскің келсе, өзімшіл болма!(Абай)
- Өз бойынан мін таппаған адам адам емес
- Ойсыз думан жас адамды қор етер(А.С.Пушкин)
- Күрес дегеніміз-өмірдің шарты, күрес бітсе, өмір де бітеді(В.Г.Белинский)
- Болашаққа сеніммен қарап, оның жарқын болуы үшін жанын қиғандардың бәрі тастан жасалған мүсінге ұқсайды(Ю.Фучик)
- Асығыс жасалған істің ғұмыры келте болмақ(Сағди)
- Өмір дегеніміз-үнемі жетіліп, дамып, өсе беру.Жетіліп болдым деу - өзін-өзі өлтірумен тең(Ф.Геббель)
- Жастығыңды қадірлей біл! Қартайғанда жас күніңді сағынышпен еске алардай өмір сүр!
Түрткендері тәп-тәуір екен... Құрдасымдай санайтын сол жанды дұрыстап мақтай да алмайды екенмін... Мен анамнан не естігім келеді?!Айтып көрейін... Мыналарың тәп-тәуір ғой, мама... Сізден ең ғажап ана жасаған Алла, ең ғажап жазушы жасар ма едіі... Аналар жаза түсіңіздер! Балаларыңызға естелік пен ғибрат қалсын! Болмаса қай бала өз анасын басқа аналардан төмен қоя алады дейсіз... Қазақтың Абайын,Фаризасын, Мұхтары мен Мұқағалиын туғызған анадан, Мақпалдың анасы артық емесін болмаса мына ел мен айтпасам білмей қалады дейсіз бе?! Ол туралы жаза жүремін, оқи жүріңіздер... Менің анам болғандықтан емес, сіздер де ана болатындықтарыңыздан...
Сіздің жүрегіңіз бос па? Бос болса жазып алыңыз... (жазып алса, жазып алуға жарап қаларлық дүние болғаны шығар)
Мақпал Төребек