Жүрегіңнен айналдым...

Ерке сіңілімнің жұдырықтай жүрегі бәрін мұншалықты әсермен қабылдайды деп ойламаппын...

Мен оқу бітіріп келгелі қасымнан шықпай, түнде де қасымда ұйықтап жүрген мына ерке сіңілім "бүгін қандай мақала жаздың? қалай жаздың, көрейінші" деп сұрап, газет шықпай жатып мақаламның бірінші оқырманы болады. Газет шыққаннан кейін де алғашқы жазбаммен салыстырып отырады.

Мен оны әлі бала ғой, небәрі 16-да, колледждің 1-курс студенті деп оның әрекеттеріне мән бермеппін. Сөйтсем, ол шынымен бәрін жіті бақылайды екен. Кеше газет шығарып, жанталасып жатсақ, телефонға жауап бермесіме қоймай қоңырау шалды. 3-4 рет звондаған соң бірдеңе боп қалды мекен деп, "тыңдап тұрмын, тыныштық па?" десем, сіңілім ерекше қуанышпен сөйлеп тұр.

-Бота, анау бар ғой, сен жазған мақаладағы банкир Дархан Ботабаев ше, ана қыздан аты кім еді, ұмытып тұрмын, эйр астананың кассасындағы қыздан кешіріп сұрапты ғой. Жақсы болған екен, иә, қазір тв жаңалықтан естідім. Қуанып тұрмын ше!,- дейді. Сіңілімнің қуанышы үшін мен де ерекше қатты қуандым. Қуанышыңнан, жүрегіңнен айналдым, жан сіңілім!



Бөлісу: