Жүрегің күдікке толы болса...

Сезім,махаббат,жұбаныш,қуаныш,жасқа толы жанар мен күдікке толы жүрек. Бұның бәрі қайдан шығады?! қандай күш бізді игеріп,басқарып бірде қуантып бірде мұңайтатын?! Адам ба әлде тылсым күш пе?! Махаббат демейін мейлі,бірақ бір сезімнің,бір алпауыт күштің,сезімнің бары рас. Әйтпесе күліп отырған көздерің өздерінен өздері мұңға толып кете ме?! Қайдағы телефонның ар жағында отырып,дауысын естіртпей жай ғана төрт-бес әріптерді теріп-ақ сенің әлдеқандай сезімді бастан кешіруіңе,жылатып я күлдіру мүмкіндігіне ие. Бұл не өзі?!

Ә

Әуелі бәрі ертегідей болады,бақыттан басың айналып әлемге айқайлап жария етердей сезімде жүресің. айтқың-ақ келеді,тіпті айтып үлггеруің де ғажап емес. Сенесің,көнесің,еркесің,биязы да сабырлы сөзіне,нық мінезіне,тік көзіне сенесің. Осы-ау дерсің іздегенім емес мені тапқан. Бірақ ертегіде кездесетін ешқандай қорқынышты ,зымияндыққа,арамдыққа құштар кейіпкерлерсіз-ақ бәрі күл-талқан болады. әп-сәтте. Ешкімнің көмегінсіз. Кездеспеген жанарлар,құшаққа алынбаған,сағыныш басылмаған,ашуға толы қыздың жанары. Білмейді не болғанын. Бірақ оның,ия Оның өзгергенін сезеді. Сөзсіз,көзсіз,үнсіз. Сол үнсіздік іштегі дертті оятып жатқан. Айтылмайтын сыр,ешкімге білдірмейтін,қатер болып көрінетін үнсіздік. Жыларман арудың жек көретін үнсіздігі. Неге?! Неге адамдар солай?! Адам кінәлі ме жоқ сиқырлы сезімнің күші ме?!

Айқайлап айтқың келеді "неге олай,не болды,түсіндірші,қуана қараған көздерің қайда, алтыным деген сөздерің қайда ?",-деп .Бірақ тыныштық орнайды. Жауап қатар адам жоқ. бар ғой,бірақ ол үнсіз.оның телефоны да,әлеуметтік әлемі де. Бәрі тыныш,онлайн болып өліп кеткендей ар жағында...

Қарағың да келмейді. Жиіркеніп емес,ренжіп. Мұншалықты қиналғаныңа,себепсіз түсініксіз қиналғаныңа. Іштей мүжілгеніңе,таусылғаныңа. Бірақ амал жоқ,әлемге күліп қарау керек деген қағидаң бар. Ол үн қатса да ештеңе болмағандай жымиып күліп әріптеріңді тере бастайсың. Іштегі дертті баяндағың келеді,бірақ тым көкірексің. Әлсіздігіңді көрсеткің келмейді,әлсіз нәзік,сынғыш болғың келмейді. Асылында,ол нәзіктік,ренжігіштік,жігерсіздік бар. Бірақ сен қалайсың,өзің. Тура дәл қазір көзіңе тура қараса жанарыңнан жасың атылардай күйдесің бірақ. Сол адамды ұстап сілкілеп айтқың келеді, ұрғың келеді үнсіздікпен қинағаны үшін. Жауапсыздық па,қаламау ма?!

Сөзі бөтен,ісі өзге. Құдды сен ол үшін тек онлайн әлемінде ғана өмір сүрердей. Жо-жоқ,бұл маған керек емес. Осы күресім де жетер.

Бәріне шешім табатын басың осыған келгенде миыңнан адасып қалады. Өз санаңмен алысып,шайқасасың?! Бассыздыққа бара алмайсың,тіреп тұрған қамалы бар тәрбиең тұр. Ар-намысың бар. Ер адам ғой деп өзіне ұсынсаң,ол тағы да үнсіздікпен құтылады. Әттең шырылдаған дауысым сенің онлайныңнан естілмейді,әйтпесе айтарым көп. 

Суреттегі бейнемдей телефонға үнсіз қарап отырасың да,бәрін еске аласың. Кім кінәлі?! Мүмкін мен ештеңені түсінбеген болармын.Мүмкін әлдеқандай себебі болар ол тыныштықтың.Мүмкін уақыт керек. Мүмкін сенің махаббатыңа,адал сезіміңе сеніп жүр...алдау үшін емес сенерім бар деп. Жо-жоқ. Қайдам...

Сабырсыз болғым келмейді. Бірақ сезім шыдатқызып отыра ма?! Санасыз болғым келмейді,бірақ санаң өзінше әрекет ұсынып тұр. Ақылсыз болғым келмейді,алайда ақыл өз ақылын айтуда дұрыс емес жасады деп. 

 

Амал жоқ,көзін көріп жүзіне айтпаған соң,бәрін тересің...тересің де өшіресің,өзгертесің,түзейсің,тағы да өшіресің. Кетіп жатқан сия мен ақ парақ жоқ сияқты оның да көңілі бей-жай.Алаңсыз,тыыыыыыыыыыым сабырлы. 

"Сұлтанбаеваның синдромы" деп қалжыңға тіреймін,бірақ оның да айтқандарында терең ой бар,мұңдас,сырлас,сені ұғып басын изердей,"ия ия ол да сөйтті" деген құптау бар. Әр сөзінен өзіңді көресің. Өзіңнің ішкі күйзелісіңді,жан айқайыңды,бұл "бәледен" шаршауыңды көресің,сезесің...

 

Мен ойлаймын,Ол ойламайды.

Мен-әрбір минутында сол адам туралы.

Ол-іздейді деп мені.

Мен күтемін,Ол күтпейді.

Мен-кездесуді ләззат сыйлайтын.

Ол-хаттарымды өзінен басқаға арналмайтынын.

Мен сенем,Ол сенбейді.

Мен-хабарсыз кетпесіне.

Ол-мендегі сезімнің шынайылдығына.

Мен сағынамын,Ол сағынбайды.

Мен-құшағын ыстық.

Ол-көруге өзін тек асығып тұрғанын

Мен іздеймін,Ол іздемейді.

Мен-жылулығын өзіме деген.

Ол-арманшыл қызды түндерде қиялға берілетін.

Мен ызаланамын,ол ызаланбайды.

Мен-сезіміне ерік бере алмады деп.

Ол-арамыздағы кедергілердің көптігіне.

Мен ашуға берілемін.Ол ашуланбайды.

Мен-сонша НЕМҚҰРАЙЛЫ қарайтындығына маған.

Ол-телефонды тастай салғанымда да.

Мен тырысамын,Ол тырыспайды.

Мен алаңдаймын,Ол алаңдамайды.

Мен күрсінемін,Ол күрсінбейді.

Мен-тымырайып еш хабар әкелмеген үнсіз телефоныма қарап.

Ол-уақыттың бізге қарайласпағанын ойлап.

Мен білем,Ол білмейді.

Мен жазам,жазамын,Ол жазбайды.

Мен-мені қинаған ойларымды том-том қылып

Ол-мені қуантатын бір СМС!

 

 

Мен әлі сенемін бәлкім аңғал баладай.......

Жанарынан жалған сөйлеуге дәті бармасын сезіп.



Бөлісу: