Жүрегімсің!Жүрексіз қалай жүрем?...

Жүрегімсің!Жүрексіз қалай жүрем?...
жеке
блог

Таң атып,шұғылалы күн  сәулесін атырапқа шашып,ыстық нұрымен  адамдардың  жүрегіне  жылу сыйлағанда  көз алдыма табиғат  құбылысы емес,бейне бір күн деген «СЕН» секілденесің! «СЕНІҢ» нұрың тек мені емес,бүкіл әлемге  қуаныш сыйлап,талайлардың бақытына куә  болғандай. Ал түңілгеніңде мына жалғанның  мәні құрып,қу дүние астан-кестен болып кететіндей.Тәйірі, «СЕН» осы  бұлт шығарсың:кіршіксіз  таза көңілге кенеттен қара  түнекті ұялататын.Бәлкім,жауын болдың ба? Бірде желмен  достасып қаһарланасың,бірде мейірім тұнған жылы жүрекпен  ыстық жаңбырды себелетіп,желмен бетімізді  өбесің.Мейлі,бәрі бол!Қасымда бол!...

         Бірақ,ешқашан қар болмашы.Ақ үлпек болып сыртқы кейіпіңмен жұртқа жаққаныңмен,шын мәнісінде тигізер зияның көп.Мен «СЕНІҢ» қар секілді екі жүзді болғаныңды қаламаймын. «СЕНІҢ» маған бергендерің уақытша болып,мұздай еріп кеткенін қаламаймын. «СЕНІ» басқалар аяқ асты еткенін қаламаймын.Қорлағанын,күн шыққанда  «СЕНІҢ» қорланғаныңды көргім келмейді. «СЕНІҢ» өзгелерді тоңдырғаныңды,зиян тигізгеніңді,өзгелерге  «жаман» атты болғаныңды қаламаймын. «СЕН»әрдайым маған керексің!Бірақ,жақы болып!Пәк жүрегіңді өмірімнің айнасы  етіп келгеніңді қалаймын!Сағындым...

         Мааааам,қайдасыз?! Сіз маған керексіз! Естимісіз...сағындым!...