Көсемсігенім емес, көргенім дерсіздер. Болмаса жай ғана жүрегімнің жан сыры деп қабылдаңыздар
*Бүкіл ғұмырыңды сеніп табыстаған адамыңның көшеде танымай өте кеткені жанға қатты батады екен.
*Балалық шақтың куәсі болып, бірге өскен досыңның өз жолымен кете беріп. Сені мүлде ұмытқаны сұмдық екен.
*Арманыңа қол жеткізіп, енді міне қуанғалы тұрғанда өзге жанның сол арманды іле кеткені жаман екен.
*Тырнақтап жинаған абыройдан, әлдекімдер үшін айырылған қызық екен. Қызықтығы сол дымды түсінбей қаласың.
*Сен өлердей сенген адамның, сені баладай алдап кеткені жүрекке батады екен.
*Кейде туған жердің жаттығы да байқалады екен-ау.
*Өзің ұнатпайтын адамдарды сүйгенің үшін ұнатып кетуге әбден болады екен.
*Адамды өлердей сүю дұрыс емес.
*Біреуді тым қатты жек көруге, біреуді тым қатты жақсы көруге болмайды екен. Өйткені, екеуі де жамандық жасаса, жақсы көрген жандікі ауыр тиеді.
*Кейде үміттене беруге де болмайды. Жалған үміт өміріңді ойран етеді.
*Әр адамның жүрегінде ешкім білмейтін құпия мен сыр болады.
*Бір адам үшін өзге адамдарды ұмытып кетпеңіз!
*Есеюге ешқашан да асықпаңыздар. Өйткені, балалық деген ешқашан қайта келмейді.
*Ақылы дария қариялар қасыңызда болса, қуаныңыз. Олар сіздің жол көрсетуші, бағыт-бағдарыңыз. Адасқанда түзу жолды нұсқап, шікірейгенде тәубеңізге келтіреді.
*Сыртына қарап адамды алалауға болмайды. Өйткені, сырт көз алдамшы.
*Өзіңіздің көзіңіз жетпей адамды ғайбаттамаңыз. Оның керемет адам болып шығуы әбден мүмкін.