Жүрегімнің бір бөлшегі

  Ақеркем менің!

      Аруым...Осы бір сөзіңнен айналдым,жаным! Шынымен,мен сенің Аруыңмын ғой негізі...(Тоғжантай  қызғанатын болдыы))))Саған ешқандай адам тең келмейтінін айтып па едім? Ешкім,ешкім жетпейді саған! Есіңде ме,ен 6-сыныпта келіп ем ғой.Онда екеуміз онша  араласпайтын едік.Тіпті,екеуміз екі әлем едік қой. Оның себебі, сені байқамағынымда емес,ақымақтығымда...Кішкентай едім ғой.Сол кезде достасқанымызда қазіргіден де жақын болар ма едік?! Әй,құрсын,өткенге өкініп менде...Сен айтпақшы,қатырам,йә?)))Шүкір!Қазір де өте-өте керемет құрбылармыз.Бізге қызығып та,қызғанып та қарайтындар бар.Оны байқап жүремін.Қызығатындарын қойшы,қызғанатындарын байқасам,бір қуанып қалам ғой.Жақсы жағынан,әрине.  Білесің ғой өзіңде,көбіне мың қиял боп жүрем. Маған көп ойлана берме дейсің...Қайдан,жаным-ау?Ойланбасқа қоймайды адамдар...Осы мен сені ренжіттем бе екен? Ренжімеші... «Дос достың кемшілігін кешіре білер» деген бар ғой.Кемшін тұстарымды кешіргейсің,жаным.  Ал сен мені түк ренжітпепсің ғой. Әлде,сіңіліңді осылайша қорғап жүрсің бе? Менен бар болғаны 3 күн үлкен болсаң да,сенің қасыңда  «іспәкөөөөйнө» жүрем. Қандай жағдай болмасын,ең бірінші саған айтып,өзіңмен ақылдасқанды жөн  көрем.Қай кезде болмасын  тығырықтан шығатын жолға сілтеп жүретінің барлық достарыңа белгілі. Бірдеңе бүлдірсем,қиратып қойсам "дура"деп алаасың да,сәлден кейін "өзіме ұқсағансың" дейтінің маған қуаныш сыйлайтынын білсең ғой. Йә, саған ұқсайтынымды айтатының үшін қуанам. Қазір бәрімізде ҰБТ-дан іштей қорқып жүрміз. Сенде де,сол бір уайым бар екенін сезем. Түк уайымдама,біздің жағдаймыз қай кезде жаман болып еді?! Бәрі тамаша болады. Көресің ғой.

      Ыммм...Жақсы көретін адамыңа келгенде ештеңе айта алмай,тоқтап қалатын не әдет екен осы? Саған да солай. Сен туралы мақтанып айтқым келеді.Қарашы енді,ештеңе жаза алмай отқаным...Құдайға шүкір,  сені таптым ғой,енді сақтағым келеді. Аман болшы...Сені туған Аян тәтеден айналдым! Жан құрбым менің! Үнемі сенің қасыңда болуға тырысамын,сен де сөйте ғой,жарай ма?



Бөлісу: